Мәдениет қызметкерлері марапатталды


Мәдениет – ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой парасаты. «Өнер – ұлттың жаны» дейді халық даналығы. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.

Бүгінгі күні ауданымызда 16 мәдениет үйі, 23 кітапхана, 2 музей, 1 архив халыққа қызмет көрсетуде.

Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз.

Осы орайда Алакөл ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мәдениет пен өнер саласында қызмет етіп жүрген аға буын өкілдері мен қызметкерлеріне арналған салтанатты қабылдау өтті.

Салтанатты қабылдауда аудан әкімі А.Абдинов мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін құттықтап, алғыс хат табыс етті. Атап айтсақ, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Уәлиева Әсия Уәлиқызы, «Еңбек ардагері меделімен» Ермырзаева Камаш Ахметханқызы, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың «Құрмет грамотасымен» Айгүл Қабидоллақызы Бодауова, Исаева Назия Темірболатқызы арнайы дипломмен және алғыс хаттармен марапатталып, сый-сияпаттар табыс етілді. Сонымен қатар Халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатында «Оқитын ұлт» жобасы аясында 2022 жылға жүргізілген талдау нәтижесінде, Қабанбай ауылдық кітапханасы «Оқырманы озық ауыл» дипломымен марапатталды.

«Бүгінгі ерекше мереке күні мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз. Еліміздің өркендеп өсуіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер!» – деді аудан әкімі А.Абдинов.

Өз тілшіміз

Мәліметпен бөлісу: