Маңызды мәселелер талқыланды


2024 жыл Қазақстан үшін көптеген дүниелерімен есте қалды. Тірілген жеріміз де, сүрінген жеріміз де болды. Алайда, ел бірлігі мен тастүйін ымырашылдықтың арқасында өткен жылды абыроймен шығарып салдық.
Өткен 12 айда елімізде қандай маңызды мәселелер орын алып, жүзеге асқандығы жайлы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатынд толықтай айтып өтті.
Барлығымыздың жадымызда қалған су тасқыны, референдум, 3 жыл бұрынғы «Қаңтар оқиғасы», теңгенің құлдырауы, кіріс-шығыс экономикалық әрекеттер, өзге де жағымды жағалықтар айтылды.
Өткеннен сабақ ала отырып, баянды болашаққа қалай қадам жасау керектігіміз де осы мақала да берілген. Әсіресе, елдің экологиялық сауаттылығы мен жауаптылығын көтерген «Таза Қазастан» акциясын айта кеткен жөн. Еліміздің түкпір-түкпірінде азаматтар жиылып, табиғатты аялау, көркем ету мен таза қалпында ұстауға үлес қосты. Бұл жайында мемлекет басшысы: ««Таза Қазақстан» акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алады. Халықтың бұл бас¬тамаға барынша қолдау білдіргеніне тәнтімін. Әсіресе жастарға ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстан азаматтары мұның кезекті бір науқан емес, озық ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы идеологиялық платформа екенін түсінді»,- деп атап өтті.
Акция барысында 3,8 млн-ға жуық адам қатысып, 1,5 тоннадан астам қоқыс жиналып, 3,2 млн-нан астам көшет отырғызылды. Бұл біз үшін үлкен бастама. Алдағы уақытта да осындай игі істер жүзеге аса береді деген сенімдемін.


Алмат САДИЕВ,
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты, Алакөл аудандық «Жанұя» отбасыларды қолдау орталығының директоры.

Мәліметпен бөлісу: