Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 22. 07. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Мейрамға тарту Ауылдық мәдениет үйі қолданысқа берілді

Алакөл даласы ежелден жомарт азаматтырмен танымал. Қайырымдылығымен күллі қазаққа таныс Есім төренің есімін естімеген қазақ баласы да кемде кем. Бір қойы егіз туса, бір бетегесінің басы айыр шығатын дархан өңірдің бүгінгі ұрпақтарының жүрегі кең.

Ұлыс ұлы күніне орай Арқарлы ауылдық округінде күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі қолданысқа берілді. Сан жылдар өз еншісін алып, сұрқы қашып, сұлулығынан айырылған ескі ғимарат қолданысқа жарамас күйге жеткен еді. Қоңырқай тірлік кешкен қойлы ауылдың тұрғындары осы нысанды жөндеп, елді мекенге рухани өзгеріс енгізуді сұраған еді. Осы округте жылқы малы мен ірі қара түлігін өрбітіп отырған ауданның меценаты Бауыржан Оспанов халық тілегіне құлақ асып, өз көмегін ұсынды. Жеке қаражатына толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ғимаратты әрлендіріп берді.

Бауыржан Оспановтың демеушілігінен бөлек 9 млн. теңгеге техникалық-материалдық базасы толықтырылды. Сондай-ақ арқарлылық Асқар Себепов пен Күлипа Нүсіпова да қаражат бөліп, қалған жұмыстың бір жағына шығысты.

Құрылысы аяқталған ғимараттың лентасы дәл Наурыз мерекесінің қарсаңында қиылды.

Салтанатты шарада алғы сөзді алған аудан әкімі Алмас Абдинов: «Мәдениет – әр ұлтты өзгелерден айшықтап тұрар болмысы, тіршілік қағидасы. Өнер мен шығармашылығы кенжелеп қалған халық кейін қалып қалары да сөзсіз. Шалғайдағы ауылда мәдениет ошағын күрделі жөндеуденөткізіп, қолғабыс еткен азаматтарға алғысымыз шексіз. Туған жерге ту тігіп, ауыл-абанның көркеюіне атсалысу – нағыз патриот тұлғаның ісі»,- дей келе, жиналғандарды ұлық мейраммен және мәдениет үйінің қолданысқа берілуімен құттықтады.

Арқарлы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Мамырбеков жомарт азаматтарға бұқараның ізгі тілегін жеткізіп, ақ батасын берді.

Артынша күміс сақал қариялар мен ауылдың үлкендері қызыл лентаны қиып, қәжелер шашуын шашып, қауым жаңартылған ғимаратты тамашалауға кірді.

Түрлі үйірмелер жұмысына арналған кабинеттер, жиын-шаралар өтер сахна, қызметтік бөлмелер мен қажетті құралдар түгенделген. Ауласы абаттандырылып, заман талабына сай жабдықталған. Алыстағы ауылдың көркін ашып, сәнін келтіріп-ақ тұр.

Шара соңында аудан өнерпаздары шағын концерттік бағдарламасын назарға ұсынып, Наурыз мейрамы аталып өтті. Тұрғындар арасында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, жұртшылық бір жасап қалды.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ,

Алакөл ауданы.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov