Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді


Алакөл ауданы бойынша 2024 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 291 млн. 736 мың теңгеге жәрдемақы төленді. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдауға 147 млн. 780 мың теңге бөлінді.
Атаулы әлеуметтік көмек 303 отбасы бар 1632 адамға 139 млн. 723 мың теңге көлемінде берілді.
Алакөл ауданында 1984 мүгедектігі бар азамат тіркелген (I топ– 170 , II топ– 816, III топ– 733, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 265 адам) немесе облыс тұрғындарының 2,7% құрайды. Оларды оңалтуға 2024 жылы 315 млн 750 мың теңге бөлінген.
2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 679 млн. 164 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде, атаулы әлеуметтік көмек 297 адамға 349 млн. 025 мың теңге көлемінде қарастырылған.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері ұлғаяды:

  • 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 мың теңгеден 149 мың теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы – 233 мың теңгеден 248 мың теңгеге дейін ұлғайды;
    Мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы:
  • 4 баласы бар отбасылар үшін 59 мың теңгеден 63 мың теңгеге дейін,
  • 10 баласы бар отбасылар үшін – 148 мың теңгеден 157 мың теңгеге дейін артты.
  • I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 мың теңгеден 102 мың теңгеге дейін;
  • II топ – 76 мың теңгеден 81 мың теңгеге дейін;
  • III топ – 52 мың теңгеден 55 мың теңгеге дейін өсті.

Мәліметпен бөлісу: