Мемлекет басшысы ғалымдармен кездесті


Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Алматы төрінде еліміздің ғылым саласында үздік көрініп жүрген ғалымдардың басын қосты. Кездесу барысында еліміздегі ғылымның бүгінгі ахуалы, ертеңі мен ғалымдарды қолдау мәселесі талқыға түсті.
Білімнің салтанат құрған заманында ғылымға көңіл бөлу арқылы біз жаһандық бәсекелестікке лайықты бола аламыз. Бұрынғыдай қылышпен қырып, шоқпармен шауып алатын заман тарих қойнауына сіңіп жоқ болды. Қазір ғылым мен жаңа технологиялардың салтанат құрған дәуірі.
Бұл ретте мемлекет басшысы кездесу барысында: «Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді»,- деп атап өтті.
Қарап тұрсаңыз қомақты қаржы. Бұл қаражат толықтай ғылымды дамыту мен осы саладағы мамандардың нәтижелі жұмыс жасауына ұтымды жұмсалса ұтарымыз мол деп білемін. Қазіргідей өзгерістер мен тың жаңалықтарға, ғылым саласындағы төңкерістерге толы мезетте осы салада қарымды қадамдар жасауымыз аса маңызды.


Алмат ЕСЕНБЕКОВ,
«Алакөл» газетінің бас редакторы.

Мәліметпен бөлісу: