«Мемлекет пен дін қатынастарының негізгі принциптері мен даму барысы»

Елімізде дін атын жамылған жат пиғылдылар арбауына түсіп, өмірден баз кешетіндердің басым бөлігі – жастар қауымы. Бүгінде аталмыш мәселенің алдын-алу үшін көптеген игілікті істер жүзеге асуда.
Осы орайда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығыж әне «ЖасОтан» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Мемлекет пен дін қатынастарының негізгі принциптері мен даму барысы» тақырыбында кездесу өтті.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, жеке адам өміріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, нашақорлықтың, алкоголизмнің, суицидтың, жастар арасындағы қылмыстың алдын – алу болып табылады.

Жетісу жастарымен кездесуге Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин мен «Білім» білім беру орталығының директоры Руслан Самарқанұлы Иржанов келді.

«Радикальдық діни ағымдар жетегінде кеткен жастарға жаным ашиды. Олар діннің шырмауында кетті. Біз қайуақытта да ұлтқа тән салт-дәстүрімізді сақтауымыз қажет. Ислам діні-ізгіліктің бастауы. Алайда адасушылар өздерімен қоса өсіп келе жатқан жеткіншектердің де санасын улауда. Әрине бұл еліміздің дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондықтан мұның алдын алу бойынша үлкен жұмыстар жасалуы тиіс. Біздің Дін істер агенттігі бастаған дәстүрлі діндер институттары бұл бағытта көп тер төгуде. Бұған қоғам болып ат салыссақ нұр үстіне нұр болар еді» – деді Ғалым Нұрмағамбетұлы.
Белгілі бір тақырып талқыға түскенде әр түрлі ойлардың қылаң беретіні белгілі. Сол талқылардың өзегі хиджаб жөнінде болды. Айта кетейік жылбасында хиджаб тағуға тыйым салынатыны туралы заң шығатыны ғаламтор желісінде жарыса жазғанды. Қазір қыз балалардың хиджаб тағып оқу орындарына баруы туралы қарама-қайшы пікірлер айтылып жатыр. Осы тұрғыда Руслан Иржанов өзойымен бөлісті.

Дөңгелек үстелге жиналған жастар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап ала алды.

Мәліметпен бөлісу: