
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Заңына және қолданыстағы нормативтік актілердің негізінде Алакөл ауданың 6 бөлімі және 24 қала/ауылдық округтері әкімдіктерімен 52 мемлекеттік қызметтің түрі бойынша өтініштер қабылданады.
Аудан бойынша аталған қызмет түрлерінің 94% электрондық түрде көрсетіледі.
2024 жылдың қорытындысына сәйкес, аудан бойынша 7924 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- Электрондық түрде – 82% (немесе 6478);
- Мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО) – 17% (немесе 1337)
- Баламалы түрде –1 % (немесе 109) мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Қазіргі таңда, электрондық қызметтерді дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында, ауданымызда 2 — «Сервистік әкімдік» жұмыс жасауда.
Есептік кезеңде аталған «Сервистік әкімдіктер» арқылы 9241 қызмет электронды түрде көрсетілген.
Сонымен қатар, электрондық қызметтерді дамыту, тұрғындарды электрондық қызметке баулу мақсатында, 152 мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған, қазіргі таңда толық жұмыс жасауда.
2024 жылдың қорытындысына сәйкес, аталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 25230 әр түрлі қызметтер электронды түрде көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді оның ішінде электрондық мемлекеттік қызметерді алу жолдарына қатысты ақпараттармен аудан тұрғындарының хабардар болуы аудан әкімдігімен ұдайы бақылауда.
Осыған сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындарды ақпараттандыру, электрондық қызметтерді насихаттау мақсатында, аудандық бөлімдер және қала/ауылдық округтері әкімдіктермен бірлесе онлайн, офлайн форматтарда 205 іс-шара өткізіліп, аталған шараларға 24 мыңнан астам тұрғын тартылды.
Бұған қоса, электрондық мемлекеттік қызметтерге қатысты 27 – мақала аудандық газетке және 4 бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желілерге жарияланды.
Жалпы цифрландыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға қатысты ауданымызда қарқынды жұмыстар атқарылуда. Аталған жұмыстар өз кезегінде жалғасын табатын болады.
Алакөл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы Данияр Маманов