Еліміз тәуелсіздікке ұмтыла отырып, қиын да күрделі кезеңдерді бастан кешірді. Жеңіс пен жеңілістің жолында көптеген тарихи оқиғалар орын алды.Тәуелсіздікке 1991 жылы ғана қол жеткіздік. Бізді дүниежүзілік қауымдастық дербес мемлекет ретінде тани бастады. Жас егемен елдің саяси мәні мен мақсаттарын айқын жүзеге асыратын шешім табу қажет болды.1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған заңдармен алғаш рет тәуелсіз еліміздің Туы, Елтаңбасы бекітілді, ал 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік Гимніміз шырқалды.

Мемлекеттік рәміздеріміз елдігіміздің айғағына айналды.1996 жылы 24 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» ҚР Конституциялық Заңына қол қойылды.Яғни, мемлекетік рәміздер бір заң аясына топтастырылды.Біз жаңарған нышандары бар ел болдық. Демек оларҚазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айқын бейнесі,еліміз үшін ең баға жетпес қазына, таусылмас байлық.Еліміздің мұқалмас рухын, қуаты мен жігерлігін, межелеген мақсат-мұратқа жеткізетін тәуелсіздігіміздің негізгі құнды белгілері. Оған Елбасының: «Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі – рәміздеріміз бар. Оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі – Әнұран, үшіншісі – көк байрақ, төртіншісі – қазақ тілі»,- деген сөзі дәлел. Сондықтан мемлекеттік нышандарды құрметтеу-бұл елімізге, халқымызға және тарихымызға құрметпен қарау.
Халқымыздың ертеден аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының және тарихи жадының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі, ұлттық құндылықтарының ұлықталуы болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыздың басты парызы болып табылуы тиіс. Сондай-ақ ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып өзіне тән белгілерімен дамыған отыз елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша.Көк аспанда желбіреген Туымыз, елдігіміздің нышаны – Елтаңбамыз бен қазақ ұлтын әлемге танытар – Гимніміз қашанда төрімізден орын алып, биік тұғырға көтеріліп, асқақтай берсін.
М.НҰРҚАСЫМОВА.