Қабанбай батыр атындағы орта мектепте оқушыларды мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, насихаттауға және дұрыс қолдануға бейімдеу, жастарға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында 12 қыркүйек пен 12 қазан аралығында «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу-азаматтық борыш» тақырыбында айлық өтті. Шараның жоспары алдын ала құрылып, таныстырылды.
Мемлекетттік рәміздерге арналған стендтар талапқа сай ретке келтіріліп, төл нышандарымызды насихаттайтын бұрыш жаңартылды.
1-4 сыныптар арасында «Рәміздерім-айбыным», 5-9 сыныптарда «Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері және оны құрметтеу», 10-11 сыныптарда «Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Мектеп кітапханасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Сондай – ақ, 6-8 сыныптар арасында «Біз бейбітшілікті қолдаймыз» атты әскери-спорттық жарыс, 8-9 сыныптарда «Мемлекеттік рәміздер — ұлт мақтанышы» атты шығарма, 4-6 сыныптарда «Рәміздерім-айбыным» тақырыбында сурет байқауы, 5 сынып оқушыларымен «Рәміздер — ел беделі» атты сайыс өтті. Шара барысында балалардан «Мәңгілік ел рәміздері » атты сауалнама алынып, оған барлығы дұрыс жауап берді.
А.Байтуғанова, А.Ержанқызы, А.Нұрдығалиева, М.Қажымұратова, Б. Қажыбекова , Ә.Амантай , Ә.Ғазизов, Д. Жүкен іс-шараларға белсене қатысып, өздерінің нышандарға деген құрметтерін көрсетті.
А.Жумашева, директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары.