Менің туым – менің елім


Жастар тың идеяларға, жаңашылдықтар ие толқын. Сондықтан да әр маңызды мерекеде өздерінің жаңаша жобаларымен, акцияларымен көз түсіп жатады. Бұл үрдіс еліміз үшін аса өзекті, егемендіктің бастауы болған «Республика күнін» де сырт айналып өткен жоқ.
«AMANAT» партиясы жанындағы «Jastar Ruhy» жастар қанатының тарапынан дүйім ел аумағында «Менің туым – менің елім» атты акция бастау алды. Бұл өз кезегінде жастардың бойында патриоттық сезімді ұлғайтуға, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге бастайтын жол деп түсінемін.
Аталған шарапатты шараны «Jastar Ruhy» жастар қанатының Жетісу облыстық филиалы да қолдап, жеті өзені еркелеген өңірімізде көк туымыз көкке желбірей түсті.
Барлық аудан, қала, ауылдық елді мекендерде жалауымызға құрмет көрсетіліп, әркім өзінше насихаттауды қолға алды. Атай кетсек, көпқабатты үй тұрғындары балкондарын көк тумен көмкерсе, ауылдық жердегі жұртшылық төріне іліп, тұғырын көтерді. Мен де өз тарапымнан аталған акцияны барынша қолдаймын. Себебі, елдік рухта, қазақстандық жастарды ұлтжанды етіп тәрбиелеуде, Отанын сүюге баулуда барлық құрал тиімді. Соның ішінде мемлекеттік рәміздердің мәртебесін биіктете түсудің де маңызы зор.


Алмат ЕСЕНБЕКОВ,
«Jastar Ruhy» жанындағы жастарды қолдау жөніндегі Жетісу облыстық кеңесінің төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: