
Алакөл ауданы, Жанама ауылындағы №54 сайлау учаскесінде облыстық «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жүлдегерлері Шугаевтар әулеті ерекше ұйымшылдықпен келіп, өз таңдауларын жасады.
Бір шаңырақтан тараған үлкен әулет – 70 адам сайлау учаскесіне бірге келіп, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Ең әсерлісі – олар бұл маңызды сәтке кішкентай немере мен шөберелерін де ерте келді. Бұл – ұрпаққа елдік құндылықты, азаматтық жауапкершілікті үлгі етіп көрсетуінің айқын белгісі.
«Мерейлі отбасы» атанған Шугаевтар әулеті тек отбасы бірлігімен ғана емес, қоғамдағы белсенділігімен де танылып келеді. Бірнеше буын өкілдерінің бірдей келіп дауыс беруі – ұрпақ сабақтастығы мен елге деген құрметтің көрінісі болды.
Осылайша, Жанама ауылында әулеттің кішісі мен үлкені қатар келіп, ел болашағына қатысты маңызды таңдауда өз үлестерін қосты.
