
Бізді алда маңызды саяси науқан күтіп тұр. Яғни, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы басталмақ. Бұл ауыл-абанның тұрғындарының әлеуметтік жағдайының көтерілуіне үлкен септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Осы ретте аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының XXIV кезектен тыс конференциясы өтіп, күн тәртібінде бас партия атынан «Жағатал, Ақтүбек, Қабанбай, Ынталы, Қамысқала, Бескөл, Теректі ауылдық округтері әкімі сайлауына түсетін үміткерлерді бекіту мәселесі қаралды.
Өңір басшысы А.Абдинов жиынды ашып, биылғы сайлаудың ерекшеліктерін тілге тиек етті.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көкебаев бұған дейін партия тарапынан сайлауға түсіп, әкім лауазымында болған азаматтардың атқарған еңбектеріне тоқталып өтті.
Жиын соңында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 113-3 бабына және «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.6-тармағына сәйкес конференциясы қаулысымен Жағаталға Қ.Тұрлыбеков, Ынталыға Р.Мамырбеков, Бескөлге Н.Бейсембаев, Ақтүбекке М.Ахметов, Қабанбайға Қ.Қабдылдаев, Қамысқалаға А.Бүтіншінов үміткер ретінде бекітілді.
Алмат ЕСЕНБЕКОВ,
Алакөл аудандық мәслихатының депутаты.