Шуақты көктемді табиғаттағы тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтетіні белгілі. Себебі бұл қыстан шаршап, жылылықты күтетін жылдың шуақты уақыты. Көктем келісімен табиғат ана ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Жарқын мезгілмен ілесе айналаны түрлендіріп, әсемдікке бөлеп, Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Бұл күн нәзік жандылардың ерекше сымбаттанып, құшақтары гүлге толатын шағы.
Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Қыз баланың ұқыптылығын, сүйкімділігін, шеберлілігін, қайсарлығын, өнер-білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, осы қасиеттерін нақыл сөздер ақырлы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың қырық жаны бар». Бұл сөздің мағынасын түсіну үшін кітап іздеп, алысқа барудың қажеті жоқ. Жай ғана жан-жанағымызға көз жүгіртсек болғаны. Әйел адам қанша жерден нәзік, әлсіз болғанымен, ер адамдарға қарағанда әлдеқайда төзімдірек келеді. Иә, арулардың қоғамда алатын орны да, оларға жүктелетін жауапкершілік те ерекше. Осы жағынан келгенде әйелдер мерекесі қарсаңында тәртіптілікті бекем ұстаушы, заңды қатаң қадағалаушы, жаста болсын отбасының ұйытқысы әрі жанашыры болып отырған Құндыз Нұрсұлтанова туралы жазбау мүмкін емес.
Ол1993 жылы Шығыс Қазақстан облысыАбай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Бірақ екі жасында айдынды ауданымызға ата-анасымен көшіп келіп, осы өңірде өніп өседі. Бескөл ауылдық округінің №14 орта мектебін 2011 жылы жақсы деген бағамен тәмамдап, Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне «педагог-психолог» мамандығы бойынша оқуға түседі. Алайда мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ полицей қызметкері болуды армандайтын қыз, жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін, 2015жылы Талғар қаласындағы ішкі істер бөліміне психолог болып жұмысқа кіреді. Сол жылы жарияланған байқаудың қорытындысы бойынша сыннан сүрінбей өтіп, туған өлкеге қайтып оралады. Қазіргі таңда Алакөл аудандық ішкі істер бөлімінде кіші лейтенант міндетін атқарып, еңбек жолын ойдағыдай жалғастыруда. Үйдің де, түздің же жұмысын қатар арқалайтын кейіпкерімізөткен жылы тұрмыс құрып, өзінің алғашқы сәбиін күтіп жүргенімен қуана бөлісті.
«Еңбек еткен – мұратқа жеткен» демекші, өз ісін жан-тәнімен жақсы көріп, сол салада жетістікке жетуді көздеген Құндыз Нұрсұлтанқызы өзін жақсы қырынан көрсетіп, қырағылық пен еңбекқорлықтың арқасындажүктелген міндеттерді сүйіспеншілікпен, асқан ыждағаттылықпен атқарып, басшылық пен әріптестерінің арасында мәртебеге ие маман екенін байқау қиын емес. Сырт көзге көктемнің нәзік бәйшешегіндей көрінгенімен, қызмет бабында темірдей төзімді ару бүгінгі күнде көпшілікке үлгі.
«Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, сұлу сақшымыз өз ісінде жауапкершілікті, ұқыптылықты бағыт етсе, үйде аяулы ана кейіпіне, нәзік жардың болмысына енеді. Қызыметіне қыз баланікі болмаса да ер азаматтарға тән өжеттік пен қайсарлықты бойына дарытқан Құндыздың қабілеті айналасындағыларды тәнті етпей қоймасы анық.
Нәзіктік пен темірдей қатаң мінезді, мейірімділік пен қырағылықты бір арнада тоғыстыра білген Құндызды біз де Халықаралық әйелдер күнімен шын жұректен құттықтамақпыз. Жұлдыздар иығыңызда ғана емес, өмір жолыңызда да жарқырай берсін. Тәңірдің сыйы болған сәбиіңіз ел болашағын қалыптастырар текті тұлға болып ержетіп, артынан бауыр-қарындастары ерсін. Үйлеріңізден сәбидің іңкәр күлкісі үзілмей, бақытты, баянды ғұмыр кешіңіздер.
М.МАУЛЕНОВА
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері университеті журналистика мамандығының курс студенті