
Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің ұжымымен кездесу ұйымдастырылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан реформалардың маңыздылығы, олардың қоғамның дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосатын үлесі кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында ұжым мүшелеріне Конституциялық өзгерістердің негізгі басымдықтары, әділетті қоғам құру жолындағы жаңашылдықтар, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырудың маңызы туралы ақпарат берілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Іс-шараның басты мақсаты – спорт саласында еңбек ететін мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, елде жүзеге асырылып жатқан реформалардың мәні мен мазмұнын жан-жақты түсіндіру, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға үлес қосу болып табылады.
