Насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде


№14 сайлау округі бойынша Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Бекпаев Ерікжан халыққа сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Әр үміткердің басты мақсаты көпшіліктің көкейінде жүрген күрделі мәселелерді дөп түртіп, соларды оңды шешу жолдарын қарастыру.

Үміткер Е.Бекпаев халықтың сенімі мен дауысына ие болу мақсатында насихат жұмыстарында сайлауалды бағдарламасы жазылған буклеттер таратып, тұрғындармен жекелей сұхбат жүргізуде. Сонымен қатар үміткердің сенімді өкілдері де насихат жұмыстарында белсенділік танытуда.

Бұл ретте Е.Бекпаев өз бағдарламасында:

«Мемлекет пен жергілікті билік ауыл тұрғындарының сапалы өмір сүруіне жағдай жасалу үшін төмендегі талаптарды орындауға тиісті деп есептеймін:

  • Жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беру;
  • Халықты ауыз сумен, отынмен, газбен, пошта,байланыс, интернет жүйесімен қамтамасыз ету;
  • Ауылдық жолдарын талапқа сай жөндеуге, электро жарығымен толық қамтамасыз етуге;
  • Халыққа тиесілі жерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • Жайылымдық жерлерге қол жеткізу мәселесін шешу.

Мемлекет пен жергілікті билік ауылшаруашылық кәсіпкерлерінің агро-бизнесті дамытуға мүмкіндік беруін қамтамасыз ету:

  • Тұрғындарға кіші және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік беру;
  • Ауылшаруашылық секторының дамуын қолдау;
  • Субсидиялар алу және басқа да маңызды мәселелерді шешу бойынша құқықтық қолдауды қамтамасыз ету.

Мемлекет пен жергілікті биліктің ауыл тұрғындарының әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

  • Бюджеттік ұйымдардың ғимараттарын және ауылдық инфрақұрылымдық әлеуметтік маңызы бар объектілерін (аурухана, мектеп, балабақша) жөндеу, сапалы қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдау.

Мемлекет пен жергілікті билік жастар мәселесіне көңіл бөліп, проблемаларды шешуді қамтамасыз ету:

  • Спорт және ойын алаңдарын салу, жаңарту;
  • Жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін ауыл клубтары мен кітапханалардың жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, мәдени – көпшілік үйірмелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Ауыл тұрғындарының тұрмыс – тіршілігін жақсарту, идеялары менжоспарларын жүзеге асыру, ауылды дамыту өте маңызды деп ойлаймын.

Ауылдың өсіп, өнуіне, дамуына, көркейуіне бей – жай қарамай, болашағымыз әрқайсыңыздың таңдауыңызбен тікелей байланысты екенін ескеріңіздер»,- деген жұмыстар тізбегін ұсынып отыр.

(Аудандық сайлау қоры есебінен төленді)

Мәліметпен бөлісу: