Өнеркәсіпті дамыту – өркендеу негізі


Қазақстанның алдында үлкен міндет-межелер тұр. Әлеумет әлеуетін көтеру үшін жан-жақты шаралар қабылданып, тиімді жұмыстар атқару керектігін барлығымыз да түсінеміз. Соның ішінде ел өнәркесібін дамыту өркендеу негізі екендігін де ұмытпағанымыз абзал.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында: «Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдлаану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет. Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды… Осы саланы табысты дамыту үшін инвестицияның қайтарымын қамтамасыз ететін пәрменді ынталандыру шараларын қысқа мерзімде қабылдау, соның ішінде ақылға сыйымды тарифтер мен көтерме бағаларды белгілеу керек»,- деген болатын.
Шынымен де қуатты Қазақстанды қалыптастыру үшін өнеркәсіп саласының, соның ішінде ірі кәсіпорындардың да қарқнды қызмет етуі аса маңызды. Орта және шағын кәсіпкерлік бағыттары әсіресе халықтың оңтайлы өмір сүруіне негізделсе, ірі өнеркәсіп кешендері бұл мемлекеттің мызғымас іргетасын қалыптастырудың кепілі. Еліміз Менделев кестесіндегі барлық элементтерге бай өлке. Ұлан-ғайыр даламыздың қойнауында ұшан-теңіз байлық бұғып жатқандығы жасырын емес. Соның барлығын халық игілігіне пайдала отырып, аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту қажет. Табиғат берген табан астындағы тау байлықтың оңтайлы игерілуі, өндірістің заман талабына сай түрленіп, қоршаған ортамен сабақтаса білуі, түскен пайданың қоғам сұраныстарына жаратылуы да аса маңызды.
Жаһандық бәсекелестіктегі бәсіміздің жоғары болуы ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайымен өлшенетіні рас. Бұл ретте әр ел азаматының жұмыспен қамтылуы, екі қолға бір күрек таба білуі алғышарт ретінде қарастырылады. Сондықтан да алып өндіріс орындарының, өнеркәсіптің өркендеуі – тікелей бұқара жағдайының да өрістеуімен пара-пар.


Алмат ЕСЕНБЕКОВ,
«Алакөл» аудандық газетінің бас редакторы.

Мәліметпен бөлісу: