Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 22. 07. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Өнім жинау науқаны басталды


Қазір шаруалардың жаз бойы күтіп-баптап өсіргендерін жинап, еңбек жемісіне кенелетін берекелі де мерекелі шақтарының бірі. Сондықтан қант қызылшасын өсіруге ден қойған Алакөлдік диқандар да күздің әр күнін қалт жібермей, науқандық жұмыстарға қауырт іске кіріскен.

Аудандағы 7 ауылдық округтегі 15 шаруа қожалығы қант қызылшасын өсірумен айналысады. Биылғы жылы аудан бойынша 644 гектар алқапқа тәтті түбір егілді. Бүгінде 131 гектардан 3964 тонна өнім жиналып, әр гектарынан 302 центрден айналды. 3291 тонна өнім Ақсу ауданындағы қант зауытына өткізілді. Бүгінде, тәтті түбір жинауды “Bolat group LTD” ЖШС-гі және “Самет Агро” шаруа қожалықтары бастап кетті.

Аудан басшысы өнім жинау науқанына қызу кіріскен “Bolat group LTD” ЖШС-гінің қант қызылшасы алқабына барып қайтты. Шаруа иесі биылғы жылы заманауи тамшылатып суару технологиясын пайдалана отырып 275 гектар алқапқа тәтті түбір өнімін сеуіп, бүгінде 5 гектар алқаптан 350 тонна өнім алды. Түсім көз қуантады. Жиым-терім оң нәтиже берсе, келесі жылы 1000 гектар алқапқа сеуіп, өнім көлемін молайтуды көздеп отыр.

Жалпы қант қызылшасы — бабы мен күтімі келіссе мол өнім беретін өсімтал әрі табысты дақыл. Мұны қызылша өсіруден мол тәжірибе жинақтаған Көлбай ауылындағы “Самет агро” шаруа қожалығы да жақсы біледі. Қожалық ауданымыздың негізгі басымдықтарының бірі қант қызылшасын 118 гектар алқапқа сепкен. Бүгінде, 75 гектардан 1847 тонна өнім жинап алды.

Аудан шаруалары үшін ауа-райының көмегі, егістікті жаңбырлатып, тамшылатып суару арқылы суды үнемді пайдаланудың арқасында қызылшаның шығымы жақсы болды. Ендігі мақсат — алажаздай күтіп-баптаған өнімді күздің қара суығына, жауын-шашынға ұрындырмай сапалы жинап алып, тиісті қант зауыттарына өткізу болып отыр. Бұл жұмыстарға 5 комбайн жұмылдырылды.

Аудан әкімі шаруа қожалық иелерімен жүздесіп, қызыл қырманның қызған шағында мол өнім алуларына тілектес екенін жеткізді.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov