Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 13. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Әнші, биші балапан – 2019

1 маусым – бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін мерекелердің бірі. Ал балаларға қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау әрқашанда назардан тыс қалдырмайтын дүние.

Осы орайда З.Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінде дарынды бүлдіршіндердің бойындағы өнерлерін жандандырып, өнер айдынында жаңа есімдерді анықтау мақсатында «Әнші, биші балапан – 2019» аудандық байқауы өтті. Оған барлығы 44 жеке әнші мен 38 би топтары қатысып, өзара бақ сынасты.

Сайыста балалар шығармашылығы орталығының директоры Ә.Уалиева, мәдениет саласының ардагері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Г.Төлегенова, З.Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінің әншісі Н.Исаева мен мәдениет үйінің қызметкері С.Амандықов және Қабанбай №1 орта мектебінің хореграфы Ә.Абылайханова төрелік етті.

З.Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры О.Смағұлов жиналған қауымды мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жеті сағатқа созылған байқау қорытындысы бойынша әншілердің кіші тобынан бас жүлдені Үшарал қазақ гимназиясынан Д.Тюлембаева, бірінші орынды М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебінен А.Төкен, екінші орынды Бұлақты орта мектебінен Ш.Маратұлы мен С.Иманасов атындағы орта мектебінен Е.Мұқаш, үшінші орынды Бұлақты шағын орталығының тәрбиеленушісі А.Нұрбай, «Арай» балабақшасының бүлдіршіні С.Айдындқызы және балалар шығармашылық орталығынан Е.Ардақұлы иеленді. Ал үлкен топ бойынша үшінші орынды ынталылық А.Топжар, екінші орынды бескөлдік А.Дюсенбеков, бірінші орынды С.Иманасов атындағы орта мектебінің оқушысы Д.Мұсағазы, ал бас жүлдені көктұмалық С.Серікбай қанжығалады.

Би номинациясы бойынша кіші топтардан үшінші орынды «Нұрай» балабақшасынан «Кірпілер» тобы, екінші орынды үшаралдық «Дети войны» тобы, жүлделі бірінші орынды Үшарал қазақ гимназияының «Айгөлек» тобы тақымына басты. Үлкен топ бойынша  үшінші орынға балалар шығармашылық орталығынан «Шолпы», екінші орынға Ақтүбек ауылдық округінен «Айжан қыз» және бірінші орынға Ырғайты ауылдық округінен «Гүлдер-ай», бас жүлдеге Үшарал қаласынан «Ғасырлар» би топтары ие болды.

Шара соңында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әр баланың үйінде бір домбыра» атты акция негізінде жеңімпаздарға 50 домбыра сыйға тартылды.  Байқауға белсене қатысқан барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға арнайы диплом, кубок және бағалы сыйлықтар табысталды.

М.ҚУАТҚЫЗЫ.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov