ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ


Алакөл аудандық мәслихат депутаты Себепов Асқар Нұрқасымұлы «AMANAT» партиясы Алакөл аудандық филиалында аудан тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар көкейдегі мәселелерін алға тартып, біршама талап тiлектерiн жеткізді. Атап айтар болсақ үй кезегіне тұру, жер телімін алу және түрлі әлеуметтік мәселелер.
✅Өз кезегінде Асқар Нұрқасымұлы қабылдауға келген азаматтарға заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, талап тілектерін назарға алды.
Қабылдауға келген тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдап тиісті мекемелерге жолдады. Айдана АРҒЫМБЕКҚЫЗЫ аудандық партия филиалының консультанты

Мәліметпен бөлісу: