Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 15. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Қоғамдық сана өзгергенде – еліміз де өзгереді

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.

Жыл сайын жолдайтын Президентіміздің осы бір маңызды құжаты өзінің тың жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, дамуына негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді.

Сол себепті де Жолдауда айтылатын дүниелердің ауқымы жыл санап кеңейіп, салмағы да артуда. Мемлекетіміздің даму жолында бағыт берер маңызды құжатта Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл жолы да бірқатар мәселенің басын қайырып, жаңа бастамаларды жария етті әрі әр салаға кеңінен тоқталды.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, биылғы жылдың көктем айы еліміз үшін оңайға соққан жоқ. Табиғаттың тосын құбылысы еліміздің бірқатар өңірлерін әбігерге салып, алапат тасқынның салдарынан қаншама адам зардап шекті.

Жолдауда Президентіміздің осы табиғи апатқа, оның салдарына тоқталып, тасқыннан зардап шеккендерге көмектің көрсетіле беретіндігін және жергілікті биліктің де осы алапаттан сабақ алулары керектігін қадап айтты. Сондай-ақ, Президент қазіргі заманда біз кез келген қатерге дайын болуымыз қажеттігін де алға тартты.

Ол үшін қарғын суды жинап, диқандардың қажетіне жарату үшін оны дұрыс сақтай білу керектігін, гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту қажеттігін, сонымен қатар суды барынша үнемдеу жұмысын ұйымдастыру керектігін де жеткізді.

Жолдауда мемлекет басшысы экологиялық ахуалды жақсарту мәселелері, ал оның бәріміздің алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі екендігін де тілге тиек етті. Айтуынша, біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеп, халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтауымыз қажет. Бизнес өкілдері де табиғатты қорғау ісіне зор жауапкершілікпен қарауы керек.

“Үкімет пен «Атамекен» палатасы осы бағытта нақты шараларды қабылдауға тиіс. Бұл салаға озық технологияларды кеңінен енгізу жұмысын жалғастыру қажет. Табиғатты ластайтын қалдықтарға мониторинг жасайтын озық жүйе ойдағыдай жұмыс істеуге тиіс”, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Бұл сөздерді мемлекет басшысы биылғы апатты сабақ қылып айтып отыр деп ойлаймын. Өзгертулер бізден басталады. Ал, қоғамдық сана өзгергенде – ел өзгереді.

Бұдан бөлек, Жолдауда ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын орнықтыру, әскердегі әлімжеттікті тыю, есірткі саудасына қарсы күресті күшейту сияқты көптеген өзекті мәселелерді де алға тартты.

Жалпы, өз басым Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауы тек қана үкімет пен өзге де уәкілетті ұйымдарға ғана берілетін бағыт-бағдар емес, сонымен қатар бізге де, яғни Қазақстанның азаматтарына да жолданатын бағдарлама деп есептеймін. Сондықтан, баршамыздың алдымызда үлкен де жауапты жұмыстар тұр әрі Жолдауда айтылған тапсырмалардың орындалуы үшін біз де бар күш-жігерімізді салатын боламыз.

Парасат ҚОЖАБЕКОВ,

Жанама ауылдық округінің әкімі.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov