Облыс чемпионаты өтті

Үшарал қаласындағы аудандық жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінде 2007-2008, 2009-2010 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында қазақ күресінен Жетісу облысының чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 8 аудан және 2 қаладан іріктелген 300-ден аса балуан қатысты.

Спорттық доданың ашылу салтанатына Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Маулен Төлеубекұлы Төлеужанов, облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директор орынбасары Елдос Әуелханұлы Қайролдаев, қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерлан Иманғалиев, облыстық мәслихат депутаты Алмат Садиев қатысып, жарысқа қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

Боз кілемде белдескен жас балуандар кім мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте Алакөл ауданы І орынға ие болды. Талдықорған қаласы ІІ орынға, ал Кербұлақ ауданы ІІІ орынға табан тіреді.
Айта кету керек, бұл бәсекеде топ жарған спортшылар ел чемпионатында Жетісу облысының намысын қорғайды.

А.ӘБИТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: