Облыстан отыз жүлде

Жуырда Талдықорған қаласында таеквондо спортынан Жетісу облысының чемпионаты өтіп, ауданымыздан Айдос Ернарұлының тәрбиесіндегі 30 шәкірті дүбірлі додаға аттанған еді. Білікті бапкердің тәрбиесіндегі спортшыларымыз өңір мерейін үстем етіп, облыстан отыз жүлдеге ие болды. Қанжығамызды майлап, қоржынымызды жүлдеге толтырған жас спортшыларымызға құтты болсын айтып, алар асулары әлі алда екендігіне сенім білдіреміз.

Жеңіс тұғырына көтерілгендердің қатарында: Саяхат Жанерке, Тактагулова Равия, Слам Ілияс, Меңғали Нұрым, Сағынай Томирис, Меңғали Балнұр, Нұрмағмет Ислам алтын жүлдені иемденсе, Жақан Толғанай, Слям Мерей, Салимбаева Малика, Серікқазы Жанель, Нұртай Бекзат, Сенімхан Әлішер, Саяхат Айсұлтан, Нұрмағамет Еркеназ, Бағыбай Бекзат күміспен күптелді. Ал Алиекбер Ясин, Мұқатай Анель, Мұқатай Іңкәр, Сабыржанқызы Аруна, Қапан Нәби, Шаймардан Әли, Мұратұлы Асқар, Байтуған Бақтұр, Мұқаметқан Елнұр, Русланұлы Дания, Жұмағазы Айдана, Сембай Бақтияр, Қуаныш Тамшы қола жүлдені кеудеге тақты.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу: