Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 11. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Қолайлы жағдай тудыру мақсатында

Шалқыған көлі, тәкаппар тауы, ну орманы, шалқар даласы мен салқар құмы араласып, туризм саласын өркендетуге таптырмас мекен саналатын Алакөлдің бұл бағыттағы потенциалын ілгерілету мақсатында көптеген жағдайлар жасалуда.

Ең алдымен темір және әуе жолының ашылып, аспан кеңістігі мен пойыз арқылы ауданға қатынау бір жүйеге келтірілді. Енді міне сонау Талдықорғаннан бері тартылып жатқан тас жалдың да жөндеу жұмыстары басталып, жуық 2-3 жылда бұл аралықта жүйткіген көліктерге көз ілеспесі анық. Көл жағалай қонған демалыс орынары да қызмет көрсет сапасын басты назарға алып, меймандарға барынша қолайлы жағдай тудыру үшін барларын салуда. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында туристік полиция өз жұмысына кірісті. Көл бойының тзалығын қадағалау ісі де ілгерілеп, қоқыс жәшіктері қойылуда. Инфрақұрылым да назардан тыс қалмай, жарық, су, кәріз, жол салу сынды өзекті мәселелер біртіндеп шешімін табуда. Соның арқасында былтырғы 1 млн-нан асқан көрсеткішті еңсеріп, жаңа рекорд қою жоспарда бар.

Тағы бір айта кетерлігі 2019-2025 жылдарға араналған ҚР-ның туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы негізінде Алакөлге әуе кеңістігі арқылы сапарлай келген меймандарды қажетті мәліметтермен қамту, демалушылардың санын арттырып, өңіріміздің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Үшарал әуежайының ғимаратында облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығының ақпараттық өкілеттілігі ашылды.

Жаңа орталықтың мақсаты туристерге тек Алакөл жағалауындағы демалыс орындары жайлы ғана ақпарат тарату емес, сонымен қатар Жетісудің түкпір-түкпірінде орналасқан көрнекті жерлері хақында насихат жүргізіп, осы саладағы облыстың мүмкіндігінімен таныстыру болып табылады.

Әуежей ғимаратынан арнайы орын бөлініп, көрме де қойылған. Онда облыстың туризм саласына байланысты нұсқаулықтар, ақпараттық кітапшалар орналасқан. Және де туристерге  арналған жәдігер сыйлықтар, ауданда өндірілетін Лепсі балы мен өңіріміздің өнерлі тумасы, қолөнерші Ертай  Өміртаевтың қолынан тамып түскен туындылары, ақ қағазға жан бітірген суреттері, ұлттық аспаптары қойылған.

«Бұл мен үшін де, аудан үшін де өте бір айтарлық дүние. Әуежай арқылы қатынаған әр мейманға мен өз туындыларымды көрсетіп, реті келсе бұл істен нәсіп табуы ма да қолайлы болып отыр. Ұлттық өнерімізді, соның ішінде жоғалып бара жатқан ағаштан түрлі бұйымдар жасау, сан алуан төл аспаптарымызды қолданысқа енгізу ісін дөңгелетіп келе жатқан кішігірім бастамамның қарқынын арттыруға бұл үлкен септік деп білемін. Біздің табысымыз талпынысымызбен өлшенбек. Осында жобалар арқылы өнерімізді насихаттап, таныла түсуіміз де бүгінгі бәсекелестік өршіген заманда ауадай қажетті дүние»,- дейді, бойынан жеті өнері тепшіп тұрған жігіт.

Тоқтала кетерлігі мұнда орталық әзірлеген жолкөрсеткіштер, туристік карталар, буклеттер мен ақпараттық материалдар тегін таратылып, арнайы бекітілген маман меймандардың осы салаға байланысты барлық сұрақтарына жауап бермек.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov