ПАРТАҒА ЖАСТАР ҒАНА ЕМЕС, БІЗДІҢ БАРЛЫҒЫМЫЗ ДА ОТЫРУЫМЫЗ КЕРЕК

Президентіміз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланған сәттен бері Мемлекет басшысының идеяларын әбден саралап, салмақтауға болатындай уақыт өтті. Қазіргі уақытта бұл тақырыпта тұтас бір ғылыми еңбектердің жарық көргені түсінікті, кітаптардың алғашқы тараулары жазылып біткен де болар, ондаған баяндамалардың оқылғаны да айдан анық, демек, ақпараттық сүйемелдеудің осынау «тоғыз балды толқынын» салмақтап, саралаудың өзі күрделі мәселеге айналды. Әйтсе де біз даму жолының жаңа бағытын терең, философиялық, қажет десеңіз, шығармашылық тұрғыдан сезінудің ауылы әлі де болса алыс деп бағамдасақ, ақиқаттан алшақ кете қоймаймыз. Жалпылама сөздер, жалпылама сөздер тізбегі, бірауыздан бас шұлғу… Дегенмен, бізге Президенттің жазғандарын қатып қалған гранит тұғыр емес, өзінің түсіндірілуі мен жүзеге асырылуын күтетін тірі материя ретінде қабылдайтын сұхбаттасты табудың сәті түскен тәрізді. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев жергілікті атқарушы органдардағы жаңа тұлға, оның айтарлықтай бай журналистік тәжірибесі бар, билік миссиясын да философ-шығыстанушы ретінде қарастырады. Ол өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ширек ғасырдан соң Қазақстанға қоғамдық сананы жаңғыртудың не үшін және қандай формада қажет болып отырғаны жайында сұхбаттасуға келісімін берді.

– Президенттің мақаласы әсіресе қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіруді қарастыруға қатысты көп әңгіме тудырды. Ресейлік ақпарат саласында осыған орай кержалқаулардан басқаларының бәрі дерлік өз пікірлерін білдірді, әрине құптаған немесе бейтараптық қатынас танытқан сөз көп ешкімнің аузынан шыға қойған жоқ. Президент айтқан басты мәселе – бұл сананы жаңғырту мәселесі. Мұның өзі жалпы не нәрсе? Басқа да көптеген одан да өзекті, ең алдымен әлеуметтік және экономикалық міндеттер тұрған кезде нақ осы мәселенің қажеттігі қанша…
– Сізбен бірден келіспеуге рұқсат етіңіз. Мен егер біз қоғамның санасын өзгертіп, оны жаңа деңгейге шығара алмасақ ешбір саяси реформаның немесе экономиканы жаңғыртудың «жұмыс істеп кетпейтіндігі» жөнінде Президентен тлықтай келісемін. Біздің өміріміздегілердің барлығы «Матрица» фильміндегідей программалауға болатын белгілер мен символдардың жиынтығы емес. Экономика математикаға негізделгенімен де жалпы бұдан былай дәл ғылым емес, менің ойымша, ол бейімделу мен аман қалу өнеріне жақындау, қас-қағым сәтте бейімделу мен дамуға деген қабілеттілік. Ал латын әліпбиі алгоритмдердің бірі, әлемдік тілде, жоғары технологиялар мен IT тілінде ойлау мүмкіндігі.

Қарап көріңіз, бізде ұшқыш басқаратын ғарыш кемесінің жолын миллиметріне дейін есептеп, Күн жүйесінің шегінен де шығарып жіберетін суперкомпьютерлер бар, дегенмен дағдарыстық көріністерден арылу үшін ресурстарды, тұтынуды, қажет-тілікті, қаржылық көрсеткіштерді дұрыс есептеп шығаруды біз адамзат ретінде жаһандық деңгейде де, ұлттық деңгейде де, тіпті елдік масштабта да меңгерген жоқпыз. Тіпті мен дүниедегі барлық құбылыстың сырын білуі тиіс Нобель сыйлығының лауреаттары, ғылым шамшырақтары негізін салған бизнес-қордың небары бір жылдың ішінде жұтағаны жайында бір жерден оқығаным бар. Бұл жерде недеуге болады? Экономикаға, ең алдымен, батыл да бәсекеге қабілетті адамдар, креативті кәсіпкерлер, амбициялары мен бастамалары бар өнер¬тап¬қыштар, сонымен қатар «сезу қабілеті жоғары» жаңа¬шылдар қажет. Ресурстар, рыноктар мен технологиялар да керек, бірақ бұлар ең бірінші кезекте қажет дүниелер емес, бұл орайда Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, Германия, Швейцария сияқты дамыған елдерді мысалға алуға болады – оларда шын мәнінде бір нәрсені оп-оңай алуға және өңдеуге болатындай ешқандай табиғи ресурстар жоқ. Бірақ оларда басты нәрсе – қаражат тартатын, бизнес-шешімдерді, жаңа технологияларды, стартаптарды туындататын, өндірісті ең жоғары деңгейге дейін көтеретін адами капитал мен интеллектуальдық ресурс бар. Бұл адами капитал бос орында пайда болған жоқ, ол осы заманғы әлемнің қозғаушы күші болып табылатын алдыңғы қатарлы қоғамдық сананың туындысы ретінде мәпелеп өсірілді.

Ойланып көріңіз, біз оқиғаларға, жаңалықтар мен дәуірлік өзгерістерге толы ессіз уақытта өмір сүріп жатқан жоқпыз ба? Бұрын тұтас дәуірлер кететін дүниелер жылдар ғана емес, санаулы айлардың ішінде біздің көз алдымызда жасалып жатады! Біздің көз алдымызда сандық революция жасалды, ұялы телефондар пайда болды, интернет барлық түкпірге тарады, смартфондардың көмегімен интернеттің өзі оңтайлы дүниеге айналды. Бұл бір мезгілде бірнеше техникалық революция жасалды деген сөз, мәселен, пейджерлер, факстар, «сабынсалғыш» фотоаппараттар, VHS-тен бұлттық технологияға дейінгі ақпарат жазу мен сақтау форматы тәрізді жаңа техникалық шешімдер пайда болып, тарих масштабында бір-ақ сәтте жоқ болып жатты. Мұның бәрі радио, теледидар, телефон деңгейіндегі өнертабыстар ғой! Тарих жылдамдығын үдетіп қана қойған жоқ, ол құйғыта шауып барады, осынау прогрестердің барлығына ілесе алатын жалғыз ғана дерлік жайт – бұл біздің санамыз. Біз адам өмірінің барлық жақтарын телекоммуникациямен қамту дегеннің не екенін әлі де толықтай сезіне қойған жоқпыз. Тек біз ғана емес, тіпті Америкадағы саяси элита да әлеуметтік желіге сенім артқан Трамптың өздерін қа¬лай жеңіп кеткендігін түсінбей қалды. Ал ол әлемдік деңгейдегі элита ғой!
– Дегенмен, бір мезгілде президент Н. Назарбаевтың өзі де батыстық қатынастарды абсолюттендіруден сақтандырып отырған жоқ па…
– Өте дұрыс айтып отырсыз! Ол ХХ ғасырды жаңғыртудың батыстық модельдерінің басты кемшілігі олар өздерінің бірегей тәжірибелерін барлық халықтар мен өркениеттерге олардың өзіндік ерекшеліктерін ескерместен таңғаны деп дәл атап өтті. Ұлттық топырақтарға бейімделмеген «өскіндердің» заманауи шыңы деп бүкіл Таяу Шығысты қанға бөктірген қазіргі «араб көктемін» санауымызға болады. Мына сюрреализмге қараңыз – алаңда қылмыскерлердің басын шауып жатқан адамдар өз әскерлерінің іс-әрекетін нақты уақыт режімінде үйлестіру үшін дрондарды ұшырады, олар Facebook, Telegram, Youtube әлеуметтік желілері мен мессенждерді өз насихаттарының ақпараттарына және рекруттар жеткізетін тоқтаусыз машинаға айналдырды! Прогресс пен адамзаттың данышпандығына деген шексіз сенімнің перзенттері болып табылатын ғылым мен технология бүгінде мағынасы жағынан ең бір қарама-қарсы құбылысқа – фанатизмге, шектеулілікке, ашу-ызаға, қатыгездікке, жамандыққа қызмет етеді. Бірақ бұл тағдырдың сайқымазағы немесе уақыттың нышаны ғана емес. Бұл жергілікті қоғамдастық санасының жаңа деңгейлерге шыққанына, тіпті ең алдыңғы технологияларды меңгергендіктеріне қарамастан дамымай уақыт шақыруларынан қалып қойғанының тікелей салдары. Біз, ел ретінде, нақ осыдан қашуға тиіспіз!

Нақ осы қоғамдық ойды жаңғыртуда еліміздің табысты даму құпиясы жатыр. Еліміз азаматтарының басым бөлігінің жаңа деңгейдегі мақсаттарды, міндеттер мен өздерінің жауапкершіліктерін сезінуі – бұл саяси да, экономикалық та жаңғыртуда табысқа жетудің бірден-бір жолы. Онсыз табысқа қол жеткізу мүмкін емес.
Тарихи реформаторлардың – Ататүріктің, Бірінші Петрдің, Ли Куан Юдің трагедияларын еске түсіріңіз, олардың идеяларын жүзеге асыратын ешкім болмады, оларды қоршаған қоғамның санасы олар ұсынған өзгерістерді сезініп, жүзеге асыруға қабілетсіз болды.
Бүгінде Марксті ғайбаттау әдетке айналды, ал ол, әсіресе қоғамдық қатынастар жағынан алғанда, ХХ ғасырдың ұлы ой-шылдарының бірі болып келді, болып қала да береді. Ол Рабле мен Вольтер эмпи¬риялық түрде сезінгенді нақты түйіндеді, со-дан кейінгі жерде осы негізде, кейін белгілі болғанындай, мейлі, ақылға қонымды түрде жүзеге асыруға қабілетсіз болғанымен өзінің қайталанбас идеологияын жасады. Ол рулық, жабық, статикалық Gemeinschaft қоғамының Gesellschaft ашық формациясына – қандық-туыстық қатынастармен емес, өзара тиімді экономикалық, мәдени және саяси байланыстармен бекітілген жеке тұлғалардың қоғамына қалай айналатындығын түйіндеді. Егер қоғам Gemeinschaft кезеңін еңсере алмаған болса, оны қандай да бір технологиялық жаңалықтар болса да ыдырау, протоұлт ретінде жойылу қаупінен сақтай алмайды. Бұдан шамамен қазіргі Ауғанстан, Ирак, Сирия тәрізді failed states келіп шығады, бұл елдерде барлығы елдік көзқарас тұрғысынан емес, діни қоғамдастықтар мен рулық қауым тұрғысымен өлшенеді, олардың сыртқы күштер пайдаланған бір-бірімен қарсы тұрушылықтары барлығын – экономиканы да, әлеуметтік саланы да, белгілі бір аумақтағы түрлі параметрлердің бірлігі ретінде мемлекетті де жойып жіберген орталықтан сыртқа тебу тенденциясын туғызды.
– Ондай қатер бізде бар деп ойлайсыз ба?
– Толықтай емес! Дегенмен бізде не болып жатқанына қараңыз: қазақтың дәстүрлі рулық қоғамдастығы социализмнен аман-есен өтті. Көне құрылым мынадай бірнеше фактордың есебінен өндірістік импульстің әсерін сезінген жоқ:
а) большевиктер «жаңғыртудың авангардын» – жаңа пайда болып келе жатқан қазақ буржуазиясы мен кәсіпкерлігін генетикалық жағынан бейімделген күш ретінде өздері жойып жіберді, бір мезгілде нақ тауарлық-қаржылық қатынастар қоғамдық институттардың ыдырауын тудыратын қуатты шеттететін фактор болып табылады;
ә) социалистік қоғам өзінің идеологиялық табиғатынан шығара отырып тұрғындардың тауарлық-қаржылық қатынастарға тартылуын шектеді, осылайша олардың шеттету күші жұмсалынбай қалды;
б) қалалық орталықтардағы индустрияландыруға қазақтардың қатысы аз болды, ал аграрлық «революция» – тың игеру тағы да шеттен келген элементтердің қолымен атқарылды;
в) мұның бәрі қазақтардың қоғамдық санасының өзгеше бір жағдайын туындатты – орталық биліктен шеткі аймақтарға таралған тұрақсыздық тудыратын факторларға (ашаршылық, күштеп отырықшылыққа көшіру, репрессиялар) жауап ретінде қауымдастық құрылымын кристалдандыру тәрізді кеңес құрылысына деген көңіл түкпіріндегі бір-біріне қарама-қарсы сезімдерді туындатты.

Қазақтар капитализм кезеңін айналып өтіп, феодализмнен социализмге өтті деген тұжырым шын мәнінде қателік – қоғамдық қатынастар деңгейінде біз кеңестік кезеңде индустриалдық қоғамдық санаға сәл ғана жақындадық. Бұл жерде Қазақстан аумағындағы индустриалдық үрдістерге тереңірек бойлаған басқа этникалық қоғамдастықтар өздерінің ұлттық сәйкестіктерінен де асып түсіп, үлкен жолды жүріп өтті, мәселен, Қазақстандағы славян ұлттарының айтарлықтай дәрежеде өздерінің украиндық, белорустық, поляктық ерекшеліктерін жоғалтып, іс жүзінде бірыңғай мәдени монолитке біріккендіктеріне назар аударыңыз. Рулық қауым¬дас¬тықтан индустриалдыққа (кәсіподақтар, урбанистік орталықтардың тұрғындары, ұжымдық ауылшаруашылығы) көшу үрдістерін бастауы тиіс шет¬тететін механизмдер кеңестік кезеңдегі жетпіс жылдың ішінде, қазақтарға қатысты алғанда, өз мақсатына жеткен жоқ. Есесіне мұның барлығы тәуелсіздіктің ширек ғасырында ғана атқарылды, дегенмен бұл жерде де «секіріс» жасамасқа болмады – дәстүрлі қоғамнан индустриалдық қоғамға емес, постиндустрилдық қо-ғамға, тіпті одан да ары – бірден сандық дәуірге бір-ақ секірдік.
– Ненің есебінен?
– Бұл нарықтық экономиканың, ашық тауарлық-қаржылық қатынастардың арқасында мүмкін болды, бұл кезде ақ¬ша¬ның шеттету механизмі толық қуатында жұмыс істеді. Шын мәнінде тауарлар мен игіліктердің қағаздық абстракциясы, нақты айтқанда ақша, жаңа ғана сөз болған маркстік «Капитал» бойынша тауарлық айырбасқа конверсиялау арқылы өзіне формальды түрде нақты бет-бейнесіз байланыстарды жүзеге асыра бастады. Ақшаны иемденудің әмбебаптығы мен даралығы оларды басты назарға дәстүр, тыйым, табу, бедел, ұжымдық күш-жігер алынатын индустриалдық қоғамға дейінгі дәстүршілдікке қарама-қарсы қояды. Осылайша, социализм істей алмағанға (тауарлық-қаржылық қатынастарды бассыз қалдырып және олардың білгірлерін жойып жіберіп) біздің жабайы капитализм жылдам қол жеткізді – ақшаның шеттетуші күші дәстүрлі рулық қауымдастықтың ыдырауына ықпал етіп, негізгі жүктемені нақты адамдармен (тұлғалық) байланыстан жеке адам үшін пайдаға негізделген бет-бейнесі жоқ байланыстарға аударды. Бұған сандық революция қосылып, орасан көп анонимдік байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін бет-бейнесіздендіруге күшті ықпал етті. Қарапайым мысал: мәселен, күні кеше бейтаныс қаладағы А нүктесінен Б нүктесіне қалай жету керектігін білу үшін оны басқа адамдардан (мүмкіндігінше таныстардан) сұрайтынбыз, ендігі жерде мұны ешкімді мазаламай-ақ интернеттен біле салуға болады.
Ақша мен сандық революция – бұл тарихи тұрғыдан алғанда қазақтың дәстүрлі Gemeinschaft-ін аса жылдам жұтып бара жатқан Gesellschaft-тің заманауи негізі. Жылдамдығы соншалық, біздің санамыз парадигманың тез ауысуына жай және қарапайым түрде бейімделіп те үлгермейді, соның салдарынан қазақ халқы кенттелген, бірақ өндірісінен айырылған орталықтарда қауымдастықтың жаңа дәстүрлі формаларын стихиялы түрде іздестіруге мәжбүр.

Қолдау мен тізе қосу сезімін жоғалтқан көптеген азаматтарымыз оны ауыстыратын жайттарды іздестіре бастайды. Постиндустриалдық қоғам бұл орайда оларға ештеңе ұсына алмайды – тіпті оның ең бастапқы шағын ұйымы, отбасы, өзінің құндылықтар жүйесіндегі айқындаушы және тұрақтандырушы күшін жоғалтып алды (ажырасу көрсеткішіне қарасаңыз жеткілікті).
Постиндустриалдық қоғам – дәстүрлі қоғамға қарағанда бір-біріне тәуелділіктері миллион есе аз жеке тұлғалардың жиынтығы. Осыдан келіп бұл дәуірдің басты дағдарыстарының бірі – жалғыздық келіп шығады. Өткен ғасыр философиясының көрнекті тұлғасы Эрих Фромм өзінің «Адам жалғыз» атты трактатында осы сезім мен жалаңаштанған жүйкені ашып көрсетеді. Ол осы заманғы қоғамда жалғыздықтың жаппай көрініске айналғандығын тіркейді. Ұлы Аристотельдің өзі: «Адам өзінің табиғаты жағынан қоғамдық тіршілік иесі» деген емес пе? Ұжымдық адам табиғатында туындайтын бақытты сезіну жайы тұтыну қоғамының осы заманғы жеке тұлғасына бұйыра бермейді. Өзіміз жаңа сөз еткен Аристотель: «Тіпті оған басқа барлық игіліктерді берген күннің өзінде ешкім де доссыз өмір сүруге келіспес еді» деген болатын. Телефонның жаңа модельдерін, ма-шиналарды, компьютерлерді, тіпті пәтерді сатып алуға қатысты қуаныштар бір-ақ сәттік, есесіне экзистенциальді жалғыздық, содан келіп өзіне қол жұмсау, психиатрия, азғындық пайда болады. Мұның бәрін Батыстан бақылап жүрміз, дегенмен ол біз үшін де уақыт нышанына айналды – олай болмаса ажырасулар, суицид, педофилия толқыны бойынша рекордтық көрсеткіштер қайдан алынып отыр?
Жан дүниеміздегі әлеуметтік тіршілік иесі жоғалған рулық қауымдастықтың орнына инстинктивті түрде жаңа үйір іздейді, егер таба алмаса, өзіне немесе басқаларға зия¬нын ти¬гі¬зе бастайтын «ішкі жыртқышқа» бақылау жасай алмай қалады. Тіпті жеке адам алмастыратын ұжымды тапқан күннің өзінде ол тұрақтылыққа кепіл бола алмайды, өйткені индустриалды қоғам жоқ кезде индустриалдықтан кейінгі қоғам оған рулық байланыстың ментальдық құрылымдарынан гөрі тұрақты – діни негізде біріккен квази-дәстүрлі ұжымдарды ғана ұсына алады. Нақ осыдан – постиндустриалдық сандық дәуірдің фонында капиталистік қатынастардың әсерімен рулық қатынастардың ыдырауынан – қазақстандық діни ренессанс өсіп шығады. Әңгіме жай «идеологиялық аштық» жайында болып отыр деп ойламаймын, өйткені адамдардың көпшілігі іс жүзінде атеистік те, діни идеологиялық та құрылымдарды ажырата алмайды, оларды бірлесу, қамқорлық сезімдері, өз тұлғасына постиндустриалдық қысымды төмендету жайы, салт гимнастикасы көбірек толғандырады.
Дегенмен, мәселе мынада, жаңа құрылымдар – мейлі, діни, мейлі корпоративті болсын – олар белгілі бір аумақта тұрып жатқан, ортақ мақсаттары мен тағдырлары біріктірген жеке адамдардың бірлігі ретінде ұлт санасының қоғамдық моделін құру міндетін өте нашар атқарады. Елдің табыс ты дамуы үшін нақ осы талап етілгенімен де нақ осы мәселе бізде әлі де пайда болған жоқ. Қатаң жазалау емес, жеке адамды ұлттың бөлігі сезіну жемқордың жолын бөгеп, студентті оқуға мәжбүрлейді, кәсіпкердің бойындағы арман алауын маздатады. Өз бақытына, дербес жайлылыққа, жеке дара тағам тізбегін тұтыну биігіне деген постиндустриалдық құлшыныс бұл жерде көмектесе алмайды, ол, шындығына келгенде, әкімқараларды өз қалталары мен мемлекеттің қалталарын ауыстырып алуға итермелейді. Бұдан сыбайлас жемқорлық қана туындап қоймайды – лас кіреберістер мен ештеңе істемейтін ПИК, тәрбиесіз, бақылаусыз өсіп жатқан балдырғандар да соның салдары. Тіпті атышулы Батыстағы көшелердің, үй маңындағы аумақтың тазалығы – бұл мемлекеттің ғана жауапкершілігі емес, тұрғындардың өздерінің де жауапкершіліктері. Өйткені онда, барлық постиндустриализмге қарамастан, көптеген ұйқы аудандарында осы уақытқа дейін индустриалдық көршілік қауымдастық – комуникациялар жергілікті биліктен кем атқармайды, тіпті асып түсіп жатады.

– Демек, бізге де ұлыстарды, әлеуметтік страттар мен ел аумағын «желімдеу» үшін қоғамдық сананың постиндустриалдық емес басқалай бір формалары қажет болды ғой?
– Нақ солай! Президент жаңа сананы қарастырғанда дәстүрлі қоғам құндылықтарын айтып кеткені кездейсоқтық емес. Оны мен келтіре кетуге тиіспін: «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық».
– Яғни бүгінгі күннің мәселесі – дәстүрлі тамырды постиндустриалдық өскіндермен, сәті түссе – индустриалдық дің¬мен желімдеу болып шыға ма?
– Енді, егер жалпақ тілмен және көрнекі түрде айтатын болсақ, солай. Дегенмен, жаңа дәуірдің бәсекеге қабілеттілік, икемділік, 30-дан кейін, 40-тан кейін, 50-ден де кейін өзгеруге қабілеттілік тәрізді құндылықтарын алдыңғы қатарға шы¬ға¬ру да маңызды! Ең аз дегенде үш тілді білудің аса маңызды мә¬селе екендігі күмәнсіз. Бізге өз өмірінде бірнеше рет басқа мамандықтарға қайта оқуға қа¬білетті, барлық уақытта оқығысы келетін, жинақы, ғылыми көзқарас бейімдері, өткір, сыни ойлау қабілеті бар адамдар керек. Бір қарағанда формула өте қарапайым секілді, бірақ оның ар жағында күрделі жұмыс тұр – өйткені оның барлығын ең алдымен қолмен ұстап көріп, түйіндеп, түптеп келгенде айналуға мәжбүрлеу қажет қой.
Бұл орайда президенттің бүкіл мақаласының ішінен ма¬ған «Болашақ – оқу аудиторияларында жасалынады» деген сөйлем айрықша ұнайды. Әйтсе де партаға жастар ғана емес, біздің барлығымыз да отыруымыз керек. Біздің барлығымыз өзімізді әлдебір қоғамдастықтың, дұрысы кәсіби, жерлестік, мәдени, корпоративтік, тіпті спорттық-фанаттық тәрізді бірнеше қауымдастықтың мүшесі ретінде қайта сезінуге үйренуіміз қажет. Біздің барлығымыздың алдымызда қазақстандықтар болуды үйрену міндеті тұр…
– Жақсы, бірақ мұның бәрі теория, ал сіздердің облыста азаматтардың санасын өзгерту үшін қандай практикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр? Жобалық менеджмент жайында, жалпы Алматы облысында жүзеге асырылып жатқан жобалар жайында не айтуға болады?
– Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында облыстық, аудандық және қалалық актив жиналыстары өткзіліп, оған 3 мыңнан астам адам қатысты. Бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру бойынша облыстық шаралар жоспары бекітіліп, соған сәйкес тақырыптық шаралар өткізілуде. Ұлттық комиссия аналогымен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша, «Туған жер» жобасы бойынша, «Қазақстанның сакральді географиясы» жобасы бойынша «Жаһандық әлемдегі осы заманғы қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша, «Қазақстандағы 100 жаңа тұлға» жобасы бойынша 6 жұмыс тобы жұмыс істейді.
Сонымен 6 мамырда «Туған жер» арнайы жобасы аясында алғашқы жоба жүзеге асырылды. Сабировтар отбасы – «AmalBio» ЖШС-інің иелері өздерінің кіші отанында – Еңбекшіқазақ ауданы, Ащыбұлақ ауылындағы саябақты абаттандырды. Саябақты абаттандыру жөніндегі идеялар, жергілікті балдырғандар үшін футбол алаңының, сонымен қатар ауыл жастары ағылшын тілі мен компью¬ерлік сауаттылықты оқып-үйрене алатын қосымша білім алу орталығының құрылысы жүзеге асырылу кезеңінде. Ал Кербұлақ ауданында Алтынемел ауылдық округіндегі Тастыбастау ауылының тұрғыны, кәсіпкер Әбуов өз қаражатына бастауыш мектеп іргетасын қалады. Кербұлақ ауданында, Алтынемел ауылдық округінде Тастыбау ауылының тұрғыны, кәсіпкер Әбуов ө қаражатына бастауыш мектеп іргетасын қалады. Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы, «Алтын алқа» иегері Оразымбекова Тастыөзек ауылында 120 орындық жаңа орта мектеп салуда. Белгілі бір жетістікке қол жеткізген адамдар атамекендерін дамытуға өз қаражаттарын жұмсауда, билік ешкімнен ештеңе өтініп отырған жоқ, бұл жан қалауымен жүзеге асырылуда, мұның сананы жаңғырту үрдісін көрсететіндігіне сенімдімін.
Сонымен қатар облысымызда ашық аспан астындағы музейлерді сақтау жөніндегі арнайы бағдарлама жасалынған. Өңірдің сакральді орындарының географиясы құрастырылған, оған 100-ден астам атау кіріп отыр. Бұл каталогтан жартастағы суреттер мен Бесшатыр қорымы айрықша орын алады. Жетісу өңірінің сакральді орындарының картасы жасалынған. Каталогқа 100 атау кіреді. Ендігі жерде мамандар осынау ежелгі тарих пен мәдениеттің бірегей ескерткіштерін сақтау және насихаттау жөніндегі жұмыстарды қолға алып отыр. 22 шілдеде Кербұлақ ауданында «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өткізілді. Кербұлақ ауданының Аралтөбе ауылының аумағында Орбұлақ шайқасының құрметіне жоңғар басқыншылығына қар¬ы күрескен ерлерге ескерткіш орнатылды. Мұның барлығы біздің өңір тұрғындарының бала жасынан туған өңірінің тарихын танып-білуіне құлшынып, тарихи-мәдени мұра нысандарына ұқыпты қарауға үйренуі үшін жасалынуда. Көшелер мен үйлердің, жолдардың, тіпті жол бойындағы тастардың адамдарға белгілі өзіндік тарихы болса, олар адамдардың көз алдарында материалдық емес – баға жетпес құндылықтарға айналады, мұ¬ның өзі мәдени ландшафтың бірегейлігін сақтауға, тіпті оны қаражаттандыруға мүмкіндік береді. Жергілікті туризм жөнінде осыны айтуға болады – ол өзіміз тұрып жатқан жерге деген қызығушылықтан туындайды.
Біз адамдардың бойына рухани және интеллектуальдық дамуды айқындайтын құрал ретінде оқуға деген қызығушылықты қайтаруға тырысамыз. Осы жақында Талдықорған қаласында «Кітап – білім бұлағы» базалық жобасының «Тәрбие және білім» бағдарламасымен «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты буккроссинг жүзеге асырылды. Жергілікті Арбатта да, «Жастар» саябағында да, Қаратал өзенінің жағалауында да кітап алмастырылады. Облыс тұрғындары блог-кэмп «Alakol summer school» секілді жарқын шараларды да тамашалайтын болады. Біз «Тәрбие және білім» бағдарламасы аясында «Жетісудың жастарға тартуы» базалық жобасы бойыша Брайан Трэйсидің «Goals», Гая Кавасакидің «The art of the start 2.0», тіпті Дональд Трамптің «How to get rich» кітаптарын қазақшаға аударуды ойластырып отырмыз.
Бұдан басқа «Менің Жетісуым» атты жерлестер слетін өткізбекшіміз. «Атамекен» дегеніміз де осы, үздік шыққан отандастарды «Жетісу мақтанышы» шарасында марапаттаймыз, сонымен қатар көз тартарлық жерлерді, баратын нақты орындарды, жұмыс режімі мен прейскурантты көрсете отырып туристік карталарды, буклеттерді, жолкөрсеткіштерді (мәдени, спорттық, экологиялық, туристік, т.б.) шығару мақсатымен «Жетісудың жеті кереметі» экспедициясын ұйымдастырамыз. Мұның өзі тарихи-мәдени көз тартарлық жерлер мен өңірдегі археологиялық қазбалар бойынша оқу¬шы¬лар¬мен өткізілетін мәдени және туристік экскурсияларды ұйым¬дастыру үшін аса маңызды. Мұның бәріне әкіміміз Амандық Ғаббасұлы Баталов мұқият назар аударып, бастамаларымызға қолдау көрсетеді, шараларды өткізу сапасын тұрақты қадағалап отырады.
– Иә… Сіз айтқандардың барлығы кітаптардың шаңын сүрту үшін кітап сөрелерін қайта бір айналып шығуға мәжбүр етеді! Сонымен бірге отанымыздың ежелгі жер¬ле¬рі¬мен саяхаттап қайту үшін тәнімізді де түлетпей бол¬май¬ды. Сіздің пікіріңізді біл-геніме шын қуаныштымын! Сұхбат үшін рахмет!
– Мархабат! Сіздердің оқырмандарыңызбен ойларыммен бөліскенім маған да ғанибет болды. Бізде бәрі жақсы болатынына сенгім келеді. Бірақ бұл үшін бірлескен күш-жігер қажет – жаңғырған сана жоғарыдан арқанмен түсе қалмайды.

Р.АЛПЫСБАЕВ,
Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы.

«Деловая неделя» газеті, 28 шілде, 2017 жыл.

Мәліметпен бөлісу: