
2025 жылдың 1 наурыз күні «AMANAT» партиясы Алакөл аудандық филиалында партия қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
Партияның аудандық филиалының төрағасы, депутаттық фракция жетекшісі Көкебаев Қайрат Төребайұлы партия қатарына жаңа азаматтарды қабылдады.

Мерекелік қабылдауда Алакөл ауданы партия филиалының төрағасы Көкебаев Қайрат Төребайұлы партия қатарына жаңадан қабылданушыларға үлкен жауапкершілік жүктелгенін, алдағы уақытта партияның беделінің одан әрі артуына атсалысып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін бірлесіп жүзеге асыруға шақыра отырып, «AMANAT»-тың трансформациялауға қатысты жобаларын сапалы іске асыруға партияның жаңа мүшелері өз үлесі мен тың идеясын қосады деген сенім білдірді. Айдана АРҒЫМБЕКҚЫЗЫ аудандық партия филиалының консультанты