Өз тарихында қазақ елі басынан не өткермеді десеңізші. Шапқыншылықты, ашаршылықты, қуғын-сүргінді де көрді. Бірақ бұл қиындықтар халқымыздың сағын сындыра алған жоқ. Түптің-түбінде ата-балаларымыздың аңсаған арманы орындалды. Тәуелсіздікке қол жеткізіп, басқалармен терезесі тең мемлекетке айналдық. Егемендіктің қаншама қымбатқа түскенін енді-енді бағамдап жатқандаймыз.
Тар жол, тайғақ кешуде мың өліп, мың тірілген ұлтымыздың небір жайсаңдары елім, жерім деп көз жұмды. Тек өткен ғасыр-
дың 30-шы жылдарында ғана жазықсыз жапа шеккен талай боз- дақтарымыз бен зиялы қауым өкілдерінен айырылуымыздың өзі неге тұрады. Бізолардыңрухына бас иіп, тағзыметеміз.
Елбасымыздың 1997 жылғы Жарлығына сәйкес аудан орталығының жұртшылығы жылсайын 31 мамыр дасталиндік саясаттың құрбандарын еске алып келе жатқынымен көңілде жүрген біртілекті жүзеге асырудың сәті түспей жүреді. Кезінде «Қошақан» саябағына асығыстау қойылған белгітасты ауыстыру жөніндегі қалатұрғындарының өтінішін орындау биылғы жылдың еншісіне тиді. Арыстарымызды есте қалдыру мақсатымен өңірбасшысы ұйытқы болып, жағдайы бар азаматтарымыз қолдап, Үшаралдың орталығындағы «Даңқ» алеясында сәні келіскен, бетіндегі таңбалары мағынаға толы ескерткіш бой көтерді. Жоба авторы Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы, ауданымыздың эмблемасын жасаған жерлесіміз Ермұхан Жүнісхан.
Еске алу күнімен орайластырылған ашылу салтанатында аудан әкімі Ә.Жақанбаев сөз сөйлеп, тарихымыздың парақтарын ақтарып: «Бүгінгі орнатылған ескерткіш сол бір зұлмат заманда халқымыздың тағдыры үшін өлімге қасқая қарсы тұрған, еңсесін түсірмеген азыл азаматтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың алдындағы перзенттік парызымызды орындағандығымыздың белгісі болсын»,-дей келе ендігі жерде тәуелсіздігімізге ешкімнің қол сұғуына жол бермей, ауыз бірлігіміздін ығайту қажет екендігін атап өтті. Алакөлдіктердің ой-арманын тасқа түсірген Ж. Ермұханға өзінің Алғысхатын табыстады.
Бұдан кейін аудандық ардагерле ркеңесінің төрағасы С. Байбазаров пен қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары атынан М.Арапов ізгі тілектерін білдіріп, аудан басшылығына ризашылықтарын айтты.
Ескерткіштің ақтығы түсіріліп, еңбек ұжымдарының өкілдері гүлшоқтарын қойды. Қара мәрмардан қашалып жасалған белгітас ешкімді бей-жайқалдырған жоқ. Алдағы уақытта бұлжердің жас ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеп, тарихымызды ұмыттырмайтын орынға айналары сөзсіз.
Соңында ауданның бас имамы Әнет қажы құрбандарға құран бағыштап, жиналғандар жетінаннан дәмтатып, тәуелсіздігіміз баянды, заманымыз тыныш, қайғы-қасіреттің ауылы алыс, береке-бірлігіміз мығым болғай деп тарасты.
А. Жақыпбек.