Халық саны 2 миллионнан асатын Алматы облысының тұрғындарына солтүстік өңірден 200-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылып, оның тең жартысы мұғалімдер мен дәрігерлерге бөлініп отыр.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
Алматы облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы негізінде арнайы мобильдік топ құрылып жетісу өлкесінде өз жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай, жетісу өңірінің 11 ауданында бірқатар дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылған.Аталған ақпараттық топтың мақсаты аймақтағы жұмыссыздық жағдайын төмендетіп, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру.
-Негізі біздің облыста 400 бос жұмыс орны жарияланған. Осыбағытта І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінде жәрмеңке өткізіп, халыққа хабарладық. Бұл бағдарлама бойынша келушілерге отбасының әр бір мүшесіне 85 мың теңге және пәтер жалдауға немесе үй сатып алуға көмек көрсетіледі -, деді Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Нұрмағамбетов.
Жалпы, биыл 461 отбасы Алматы облысынан еліміздің солтүстік аймақтарына көшіріліп, оның ішінде 152 жанұя Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына көшіп барған. Бұл туралы толығырақ Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Заида Илимжанова айтып өтті.
«Аталмыш жобабойынша солтүстікеқоныс аударған отбасылардың жаңа қоныста баспанамен және жұмыспен қамтылуына сондағы жергілікті атқарушы билік жауапты. Жанұяға бөлінетін қаражатпен қоса несиеге 50 бас қой беру қарастырылған. Яғни, кәсіп ашып, шаруаңызды дөңгелетуге мүмкіндік бар. Ал, қарыздың қайтарымы 3 жыл көлемінде жүзеге асырылуы керек» -, деді ол.
Айта кету керек, жұмыс ұсынушы тарапынан сайланған делегацияның қатысуымен өңіраралық жәрмеңкелер Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Ескелді және Сарқан аудандарында өткізілмек.