Елорда күні аталып өтті

Ата – бабамыз   Тәуелсіздікке қол жеткізуді, өз алдына  дербес мемлекет  болуды арман-дап, сол  жолда көптеген қиындықтарға қасқайып қарсы  тұрды.  1991  жылы көптен  күткен үміт ақталып,  азаттыққа  қол  жеткіздік. Жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік.

Тұңғыш  Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев көптеген  тың  бастамаларға  жол  ашып, жаңа  идеяларды  іске   асыра   бастады.  Соның  бірі 1997 жылы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлыққа  қол  қоюы  болды. Бұл көпшіліктен  қолдау тауып, 1998 жылы жаңа астананың  тұсауы  кесілді. Бүгінде Елордамыз көрікті, заманауи, гүлденген  қалаға  айналып, күллі  әлемді  өзіне  қаратуда. Жыл  сайын  6  маусымда  аталып  өтетін  Астананың   туған  күні   биыл  өзгеше  тойланды.

Аталмыш   мейрамға  орай  ау-дандық ішкі саясат бөлімі   мен «Алакөл   жастар Дарабозы» ЖҚБ – сі Д.Қонаев атындағы орталық алаңда «Тәуелсіз елдің жүрегі сенсің – Астана» атты шара ұйым-дастырды.

Оның беташырында Үшарал  қа-ласының  әкімі М. Сайдилдин  барша үшаралдықтарды айтулы мерекемен құттықтай келе: «Ас-тана – сәні мен салтанаты жа-расқан ғажайып қала ғана емес, қазақ халқының сан ғасырлық армандарының ақиқатқа айналуы-ның дәлелі, бүгінгі бекем, келе-шегі кемел еліміздің айғағы. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы орнықты қадалып, керегесі келісті жайылған деп нық сеніммен айта аламыз. Мұның бәрі мемлекет басшысы Н. Назар-баевтың табанды еңбегінің ар-қасында жүзеге асты»,- деп Елордамыздың  қарқынды дамып, әл-ауқаты артып отырғандығын жеткізді.

Келесі кезекте сөз алған Үшарал қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі Т.Садиев бас қалаға арнаған өзінің жүрек жарды өлең жолдарын оқыса, қалалық жастар кеңесінің төрағасы Т. Қабылқанов болашақ жастардың қолында болғандықтан, жалын иелерін еліміздің  одан   әрі  көркейе түсуі   жолында  аянбай тер төгуге ша-қырды. Шара З.Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Артынша ардагерлер үйінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ. Көкебаев ауданымыздағы 20 белсенді «Жас Отан» жастар қанатының   мүшелеріне  партия   билетін салтанатты түрде табыс етті.

Елорданың  туған  күні  кеш  қарай-ғанша  жалғасып, «Жастар ал-леясында» есірткі, нашақорлық, ішімдік және темекі сияқты зиянды заттар  адам денсаулығына қан-шалықты  қауіпті екендігін түсін-діру, қыз – жігіттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатындағы «Жайнай бер, Ас-тана!»  атты акция өтті. Артынша  келушілердің арасында караоке, футбол, арқан тартысы және стрид варкоудтан  жарыстар, Астана бейнеленген плакаттар байқауы, еркін тақырыпта өлең оқу сайысы  ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға қатысушы-ларды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Г. Жексем-баева, «Достық қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Д.Тойбеков, аудандық орталық аурухананың  терапевт дәрігері Д.Омарханова  құттық-тады.

Екі сағатқа созылған  қызықты кештің соңында белсенділік та-нытқан қала тұрғындары мен қонақтарына бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

А.ИМАНАСОВА

 

Мәліметпен бөлісу: