ҚР Конституциялық Сот және оның қаулыларына түсінік

Алакөл ауданының прокура­турасы Қазақстан Республика­сының Конституциялық Соттың (бұдан әрі – Конституциялық Сот) қызметі мен маңызды қаулылары туралы түсініктеме ұсынады.

Конституциялық Сот – бұл жалпы сот жүйесіне кірмейтін, ерекше мәртебеге ие және Конс- титуцияның үстемдігін қамтама­сыз ететін жоғары мемлекеттік орган.

Конституциялық Соттың бас- ты міндеті – заңдар мен өзге де нормативтік актілердің Конститу­цияға сәйкестігін бақылау және қажет болған жағдайда ресми түсіндіру. Ең маңыздысы – кез келген азамат өз конституциялық құқығы бұзылған жағдайда осы органға тікелей өтініш бере ала­ды.

Конституциялық Соттың ше- шімдері түпкілікті және орындау- ға міндетті. Бұл – еліміздегі заң үстемдігі мен әділеттіліктің берік негізі.

Мысалы, Конституциялық Сот­тың 2023 жылғы 31 тамыздағы №27 нормативтік қаулысы (бұдан әрі — НҚ) бойынша «Р» есімді аза­маттың өтініші қаралды.

Өтініш иесі бұрын құқық қорғау саласында қызмет атқарып, қыз­мет қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз болмағаны үшін, қызметтен бо­сатылған.

Кейіннен мемлекеттік қызмет­ке қайта кіруге рұқсат берілме­генінің салдарынан, ол өзінің ең­бек ету құқығы мен кәсіби таңдау еркіндігіне қайшы деп есептеді.

Алайда, Конституциялық Сот –

бұл өтінішті жан-жақты қарап, мұндай шектеулер мемлекеттік қызметтің беделі мен оған деген қоғам сенімін сақтау мақсатында енгізілгенін атап өтті.

Демек, заңда нақты негіздел­ген мұндай шектеулер Конститу­цияға қайшы емес екенін мәлім­деді.

Сондай-ақ, азаматтардың құқықтарын шектеу, тек Консти­туциялық нормаларға сай, заң жүзінде ғана жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

Сол сияқты, Конституциялық Соттың 2024 жылғы 24 желтоқ­сандағы №57-НҚ қаулысымен мемлекеттік қызметке кіру та­лаптарына қатысты маңызды шешім қабылдады.

Конституциялық Сот бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған азаматтарды, сот­тылығы өтелген не алынғанына қарамастан, мемлекеттік қыз- метке қабылдамау жөніндегі заң талабын Конституцияға сай деп таныды.

Бұл шешім мемлекеттік қыз­меттің абыройы мен оған деген халық сенімін қорғау мақсатын­да қабылданған.

Яғни, егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жа­сап, жазасын өтеген болса да, ол мемлекеттік қызметке өмір бойы қабылданбайды.

Конституциялық Сот бұл шектеу азаматтың еңбек ету құқығын шектегенімен, ол Конституцияда белгілен­ген құндылықтарды қорғауға бағытталған заңды шара деп мәлімдеді.

Алакөл ауданының

прокуратурасы.

Мәліметпен бөлісу: