Референдумды қолдау мақсатында

Алакөл ауданында орналасқан «Алакөл орман шаруашылығы» ұжымымен Конституциялық реформаға қатысты кездесу ұйымдастырылды. Жиын барысында енгізілетін өзгерістердің мәні мен мазмұны, олардың құқықтық мемлекет құрудағы және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі түсіндірілді.

Кездесу барысында қызметкерлер өз пікірлерін білдіріп, ұсыныс-тілектерін айтты. Референдумның ел болашағы үшін маңыздылығы атап өтіліп, әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенді ұстанымы ерекше назарға алынды.

Мәліметпен бөлісу: