
Аудан аумағындағы шаруақожалық иелері арасында Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Іс-шара барысында реформалардың қоғам дамуына ықпалы, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңыздылығы жан-жақты баяндалды.
Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, алдағы уақытта да осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатыны жеткізілді.
