РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ДА ҮН ҚОСТЫ


«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен теміржолшылар тазалық жұмыстарына ерекше белсенділік танытуда.

Осыған орай, бүгін «Киелі мекен» апталығы аясында теміржолшылар мен Достық ауынылының тұрғындары тазалық акциясына белсене қатысып, тұрғындардың демалысы үшін арнайы салынған «Теміржолшылар» аллеясы мен «Жастар» аллеясына абаттандыру, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараны өткізудегі мақсаты — экологиялық жағдайды жақсарту, табиғатқа деген қамқорлықты күшейту.

Сенбілік жұмыстарына 100 адам, 6 арнайы техникалар жұмылдырылып, 5 тоннадан аса қоқыс шығарылды.

5 аптаға созылған акция аясында алдағы уақытта да жұмыстар белсене атқарылатын болады.

#тазақазақстан #киелімекен #сенбілік

Мәліметпен бөлісу: