Адам баласы айналасына тек адал еңбегі мен арда қасиеттерінің арқасында ғана абыройлы болмақ. Халықтың қошеметі мен жұрттың ізгі ниетін иемдену дәл осындай азаматтарға бұйрмақ.
Талай жыл бойы ел мүддесі үшін ерінбей еңбек майданына түсіп, бүгінде 63 жастың асқарынан көз тастаған аудандық статистика басқармасының басшысы Нұртай Абдығалиевті зейнеткерлік жасқа жетуімен аудан әкімінің орынбасарлары А.Чалкенов пен А.Аханов құттықтап, өңір басшысы Ә.Жақанбаевтың ақжарма тілегін жеткізді. Дәмі кетпеген дәстүріміз бойынша туған күн иесінің арқасына шапан жауып, жалпы алакөлдіктердің жылы лебізін білдірді.
Біз де өз тарапымыздан Н.Абдығалиевты айтулы жасқа жетуімен шын жүректен құттықтап, бақыттың баяндысын, қуаныштың ең тәттісін, мызғымас денсаулық пен бақуатты ғұмыр тілемекпіз.
А.АСХАТҰЛЫ.