Құрметті Алакөл ауданының тұрғындары!

Бүгінгі таңда туризм саласы ең тиімді табыс көзі және экономикалық негізгі салалардың бірі екені көпшілікке мәлім.

Алакөл көлінің аумағында туристік 318 нысан жұмыс істейді, оның ішінде 12 қонақ үй, 3 сауықтыру лагері, 106 демалыс үйі және 64 демалыс орталығы, 1 санаторий, 132 қонақ үй бар. 2024 жылы 1 млн 725 мыңнан аса туристке қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ, Алакөл көлінің жағалауында 2,305 млрд. теңге көлеміне 16 нысан   қолданысқа берілді,  79 жұмыс орны құрылды. Ірі нысандар арасында – «Femily port» демалыс аймағы, «Арасан Де люкс» және  ««Ailuxe Alakol» демалыс орындары қызмет атқаруда. 2025 жылы тағы 10 демалыс орындары іске қосылу жоспарлануда.

2024 жылы жазғы маусымда демалушыларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында көл жағалауына 130 дана қоқыс жәшігі, 14 қоғамдық дәретханалар мен 10 биодәретханалар орнатылған болатын.

       2025 жылға көл жағалауына тағы да қосымша 80 дана қоқыс жәшігі, 250 жылжымалы қоқыс контейнерлері, 21 санитарлық-гигиеналық торап пен 50 дана биодәретхана орнату жоспарымызда бар.

Жылдан жылға скутерлер мен қайықтардың көбеюіне байланысты жүзу тәртібі сақталмай жатқаны анық. Осы мәселені алдын-алу мақсатында көл жағалауына адамдарды тасымалдау тұрағы яғни, пирс орнатуға облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, биылғы жылы іске асатын болады.

Сонымен қатар, құқық бұзушылықты алдын-алу мақсатында 2024 жылы Көктұма ауылындағы көл жағалауына 8 бейнебақылау камералары орнатылса, 2025 жылы қосымша Ақши көл жағалауына 30 бейнебақылау камерасын орнатуды көздеп отырмыз.

Осындай игі жұмыстардың арқасында ауданымызда туризм саласы жылдан-жылға дамып келеді. Әлі де бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес іске асыратын болады.

Мәліметпен бөлісу: