Робототехника орталығы ашылды

Жаңа технологиялар мен бір-екі тетік арқылы басқарылып, кезінде айлап уақыт кететін жұмыста бірнеше сағатта орындайтын құрылғылар  салтанат құрған заманда ескіден қалған ессіз дүниелердің шекпеніне жармасып, алға адымдаудан бас тарту – біздікі еместігі хақ. Ел президенті Н.Назарбаевтың жол сілтеуімен қазіргі заматта «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы   өзінің оң нәтижелерін көрсетуде.

Аталмыш бағдарламаны бағдар еткен аудандық білім бөлімі жастарды жаңа технологияларды меңгеріп, цифрлы ғаламда өз еншілерін алдыру үшін бірталай ілкімді істерді атқаруда. Соның айқын дәлелі ретінде Үшарал қазақ гимназиясында ашылған білім беру және жаа технологиялар орталығының «қосымша G robotik» ашылуын айтуға болады.

Жастарды робот техникаларының дағдыларын игеруге, программалауға, құрастыруға және ақпараттық коммуникациялық түсініктерін дамытутуға бағытталған орталықта ғылым мен жаңа технологиялар салаларын бағындырып жүрген жерлестеріміздің туындылары топтастырылған.

Орталықтың ашылу салтанатында сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көкебаев аңашылдық пен инновацияға ұмтылған жастардың болашағына деген сенімнің үлкен екенін жеткізді.

Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінің профессоры Ж.Сманкулова мен аудандық білім бөлімінің басшысы М.Төлеужанов тың идеялар мен жаңа заманға деген жаңа көзқарастан туған дүниелерді зерттей отырып, өздері де түрлі технологиялар жабдықтауда көзге түсер отандастарымыздың қатары көп болсын деген тілектерін ағытты.

 

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: