Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыптарындағы тағылымды туындыларында рухани түйсігіміз бен жаңа дүниені білуге, үйренуге деген құмарлығымызды заманға сай жаңғыртып, құбылта түссек алпауыт мемлекеттің көшіне ілесуге мүмкіндік туатынын баса айтқан болатын.
Сондай-ақ бағдарламалық мақаланың «Бәсекеге қабілеттілік», «Прагматизм», «Білімнің салтанат құруы», «Сананың ашықтығы», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Эволюциялық даму» және «Туған жер», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу» «Жаңа гуманитарлық білім» сынды бағытытары болашаққа деген бағытымыздың айқындала түсуіне серпін беріп отыр.
Президент Қ.Тоқаев «Сындарды қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында:«Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Осыған орай, саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керек. Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында!» – деп атап өткен болатын.
Осы орайда аудандық ішкі саясат бөлімі жыл басынан «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының халыққа түсіндіру және насихаттау мақсатында мемлекеттік әлеуметтік-тапсырыс негізінде 1226 адамның қатысуымен 24 округте әр түрлі форматта шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтсақ, «Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы», «Ұлы даланың жеті қыры – ұлттық болмыстың негізі» «Рухани келісім бірлікке бастайды», «Ұлы даланың жеті қыры – ұлт тірегі» атты дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер өткізілді.
Сонымен бірге «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру жоспарына сәйкес«Архив – 2025», «Түркі әлемінің генезисі», «Дала фальклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиясының көрінісі», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» арнайы жобалары аясында аудан тұрғындары арасында 16 іс-шара ұйымдастырылды. Лепсі ауылындағы ұлттық ат спорт ойындары, саятшылық, аңшылық туралы танымдық сағат, архивтік электронды мәліметтер базасы, «Ұлы даланың өнерпаздары» атты лекция концерттер де өтті.
Атқарылған шаралар Алакөл ауданының әкімідігінің, ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік желідегі парақшалары мен аудан әкімінің ресми сайтында жарияланды. Әлеуметтік желідегі жариялымдарға орта есеппен 15000 астам қаралым болып,300 жуық бөлісулер мен пікірлер жазылды.
Жоба аясында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттайтын 3х6 көлемінде 2 банер дайындалып, Екпінді ауылдық округі мен Үшарал қаласында орналастырылса, 1000 жуық баспа материалдары шығарылып, қатысушыларға үлестірілді.
Сонымен бірге жобаны іске асыруда«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» этносаралық қатынастар саласын талдау және мониторингілеу қызметінің басшысы А.Тәңірбергенова, облыстық аналар кеңесінің төрайымы Ж.Баймадиева,аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұ.Дүйсебаева, қоғамдық келісім кеңесінің төраймы К.Бектемисова, қоғамдық бірлестік жетекшілері Р.Нүсүпова, Ж.Құрмаева секілді спикерлер де тартылды.
«Алакөл әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен саясаттанушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық кеңесінің мүшесі Расул Жұмалымен «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын, «Цифрлы Қазақстан» және басқа да мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды түсіндіру жөнінде көшпелі лекторий өткізіліп, саяси, әлеуметтік ойларымен бөлісті.
Облыстық дін істері басқармасының бастамасымен «Рухани керуен» жобасының ІІІ кезеңі Достық ауылдық округінде ұйымдастырылды. Атап айтсақ, құқық қорғау органдары мен шекара отрядтарының қызметкерлерімен «Жалған діни ұйымдардың бетбейнесі», ауыл тұрғындарымен «Рухани жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі» тақырыбында кездесулер өткізілді. Елді мекендегі түрлі себептермен екпеден бас тартқандар мен дәстүрлі емес діни ағымдағы азаматтармен оңалту жұмыстары жүргізілді.
Шара соңында «Рухани қазына» атты концерттік бағдарлама аясында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияның дәстүрлі әншілері өнер көрсетті.
Мемлекеттік бағдарламаға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында облыстық, аудандық БАҚ-та 45 мақала жарық көрді. ВК, Facebook, instagramm әлеуметтік желілеріне 224 жариялымшықса, аудан әкімінің сайтына 30-да аса материал берілді.
Аудан әкімдігі тарапынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізіледі.
Осыған сәйкес жыл басынан аудан бойынша арнайы жобаларды іске асыру мақсатында әр түрлі форматта 65 мыңға жуық тұрғындардың қатысуымен 100-ге жуық шара мен жобалар өткізілді.
Атап айтсақ, «Туған жер» арнайы жобасы аясында меценаттар мен жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 72 млн теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылды. «ZHERSU» корпорациясы бақылау кеңесінің төрағасы Б.Оспановтың демеушілігімен 30 млн теңгеге Арқарлы ауылдық мәдениет үйі мен Лепсі ауылдық тарихи – өлкетану музейіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізсе, жеке кәсіпкер А.Мамырбековтың демеушілігімен 8 млн теңгеге Абай Құнанбайұлының тастұғыры және саяси –құғын сүргін құрбандарына арналған ескеркіш 10 млн теңгеге дайындалып, бой көтерді. Ақжар, Көлбай, Қызылқайың, Бұдыр ауылдарының көшелеріне жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 7 млн теңгеге қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жыланды ауылының тұрғындарының қолдауымен 1,5 млн теңгеге аспалы қондырғы орнатылса, аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен көп балалы отбасыларға 15,5 млн теңгеге 13 тұрғын үйдің кілті табысталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №271 қаулысымен бекітілген “Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар” жоспарының 40-тармағына сәйкес “Мың бала” республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Диктантқа аудан бойынша 8777 азамат тартылды. Олардың 1130 мемлекеттік және азамматтық қызметкерлер, 150 білімгерлер, мектеп оқушылары 7240 және өзге қатысушылар саны 35.
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы бойынша Мұқаметбай Мыңбайұлының «Тағдыр мен тағылым», «Өнеге мен өсиет» атты ІІ томдық кітабының тұсау кесері, балалар шығармашылық орталығының «Әр баланың үйінде бір домбыра» атты акциясы және Қазақстанның халық әртісі, әнші Зейнеп Қойшыбаеваның туған күніне орай «Жауқазындай жайдарлы үн» ән байқауы, Еңбекші, Тоқжайлау ауылдық мәдениет үйлерінің «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлерінің облыстық байқауы өткізілді.
«Ұлы дала қойнауынан жеткен бабалар үні» атты ақын – жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында танымдық экспедиция құрылды.
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған шараларға 5 мыңға жуық тұрғындар қамтылды.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында Қабанбай ауылында облыстық «Киелі жерге тағзым – ұлт құндылығы» атты ғылыми – тәжірибелік конференциясы өткізілді. Шараға әль-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары Р.Жұматаев, М.Тынышпаев, облыстық тарихи – өлкетану музейі директорының орынбасары К.Исабекова, мәдени мұраны қорғау орталығының өкілі С.Мүлікбаев және ауыл тұрғындары, жастар, ардагерлер, мәдениет, білім салаларының қызметкерлері қатысты.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» экспедициясының ІІ кезеңі, «Ұлы Жібек жолындағы сұхбат» мега жобасы аясында елді мекендерді аралап, киелі жерлерге тағзым етілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарына тоқталсақ, «Прагматизм» бағыты – өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңда жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылдыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән – салтанат емес. Керісінше ұстамдылық, қанағатшылдық пен қайырымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көрегенділікті көрсетеді.
Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
Халқымыз ғасырлары бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар жер жыртылып, экологиялық апат аймақтары шөлге айналды.
Осы орайда аудан жастары арасында «Рухани жаңғыру. Патриотизм мен прагматизм», «Прагматизм – рухани жаңғыруды жүзеге асырар жол» атты кездесулер және мектеп оқушылары арасында «Парктер шеруі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Оған 300 жас қамтылды. Дегенменде бүгінгі күнге жас азаматтардың көзқарасын тек нарықтық экономика арқылы қалыптасып отырғаны белгілі.
Сондықтан жоғарыда айтылған рухани құндылықтарды басшылыққа ала отырып, алдағы уақытта Алакөл табиғи қорығы, орман шаруашылығы, экология, жастар орталығы т.б. мүдделі мекемелер өзара бірлескен шаралар жоспарын белгілеп, жүзеге асыру тиіс.
Аудандық білім бөлімі тарапынан «Рухани құндылық – тәрбие өзегі» тақырыбында облыстық конференция ұйымдастырылды.«Сананың ашықтығы» бағыты бойынша «Blog Camp», «Open air Alakol» форматында журналистер, блогерлерменкездесулер өткізілді. Аталған шараларға БАҚ құралдарымен қоғамдық ұйым кілдері тартылып, туризм бағытында ақпараттық насихат жұмыстары жүргізілді.
«Ұлттық бірегейлікті сақтау»бағытына келсек, бірінші – ұлттық код, мәдениет сақталмасаешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
Осы орайда «Халықаралық ескерткіштерді қорғау» күніне орай «Ескерткіштер ерлігімнің символы» аттыіс-шарасы барлық 24 орукте өткізілді.Оған қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен аналар кеңестері, жастар, тарихшылар тартылып, әр өлкедегі ескерткіштер тарихы жинақталды.
Ішкі саясат бөлімінің мемелекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы, «Медиация бойынша ашық есік күндері», «Қоғамдық келісім – тиімді жаңғыруының кепілі» семинар,«Жаңғырған ауыл» акциясы, «Үздік қоғамдық келісім кеңесі» байқауы ұйымдастырылса, ұлттық дәстүрді дәріптеп, жастарға қолөнердің қыр-сырын үйрету үшін, «Халқын сүйген-салтын да сүйеді» атты іс-шарасы, «Ел боламын десең бесігіңді түзе», «Домбырам – асыл қазынам», «Аналар кеңесі – ұлағат бесігі» облыстық аналар кеңесінің форумы, «Ақ отауға – ақ бата» ажырасудың алдын алу мақсатында кездесулер де түңлігін түрді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген басым бағыттарын іске асыру мақсатында аудандық штаб отырысы өткізіліп, 2020 жылға арналған жобалар мен іс – шаралар жоспары жинақталып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Әль – Фараби бабамыздың 1150 жылдығын және ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған атаулы шаралармен толықтыруды жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Алакөл ауданының жастары мен тұрғындары арасында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық құжаттарын түсіндіруге бағытталған «Рухани керуен жобасы аясында қоғамдық – саяси іс-шараларын өткізу» лоты жарияланды.
Аталған бағдарламаны тиісті деңгейде іске асыру үшін алдағы уақытта да әкімдік тарапынан тұрақты жұмыстар атқарылады.
А.АБДИНОВ,
аудан әкімінің орынбасары.