Рухани жаңғыру – ой сананың кемелденуі

Рухани жаңғыру–адам баласының, оның ішкі жемісінің жаңаруы, сана-сезімі жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Оның негізі-халықтыңжеке адамның тұлғаға айналуы.

Біз өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді сақтай отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын қажет етеді. Сондықтан  болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын білім беру мекемелері Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы – білім беру жүйесінеқойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың сапалы білім алуына, жаңа технологияларды білім жүйесіне енгізіп, жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп, білім мен тәрбие беруді жаңаша құру және оны Елбасы көрсетіп отырған талаптарға сай орындау.

Өскелен ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негізін өзінің ұлттық білім ордасынан алатыны сөзсіз. Осы орайда білікті де саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында тынбай еңбек етіп келе жатқан енсесі биік білім ордаларының бірі –  Талдықорған жоғары политехникалық колледжі. Қазіргі таңда аталмыш білім мекемесінде 13 мамандық оқтылуда.

Жастардың колледжді таңдауының бес себебі бар. Біріншіден, сапалы білім беретін, жоғары білікті маман дайындайтын (қолданбалы бакалавриат), бәсекеге қабілетті білім ордасы. Екіншіден, заманауи цифрлық технологиялар мен қазіргі инфрақұрылымға негізделген мобильді білім беру ортасы: Smart-колледж, IT-орталығы және робототехника, Cisco Академия, бизнес-инкубатор.Үшіншіден, студенттерге тегін оқу, жол жүру қамтамасыз етеді, шәкіртақы беріледі. Төртіншіден, жақсы жұмыс орнын табуға белсенді үлес қосатын беделді мекеме болып табылады.  Бесіншіден,  жарқын студенттік өмір, салауатты өмір салтын ұстанатын, белсенді жастар мекені.

Колледжде  әр білімгер ұлттық рухтағы азамат болып өсуіне үлкен мән беріледі. Ұлттық рухта білімгерлерді қоғамдық өмірге даярлау, шығармашылық белсенділігін арттыру, әлемдік өркениеттің адамзатқа тән құндылықтар негізінде жоғары имандылық қасиеттерге, ұлтжандылық пен елжандылыққа, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың бойында ұлттық сана сезім қалыптастыру, білімгерден қоғам талап ететін лайықты мінез – құлық ерекшеліктерін айқындап, жат қылық, жағымсыз әдеттен аулақ болуға тәрбиелейтін басты мекеме болып табылады.

Елбасы айтып өткендей сана-сезімімізбен дүниетанымызға әбден сіңісті болып қалған таптаурын қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілісуінің жаңғырылуы қажет. Бұл арада рухани жаңғырудың ең басты шарты-ұлттық кодымызды сақтау екенін есте ұстап, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйесін қалыптастырғанымыз абзал.Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындап ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени – рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерді көрсету, пайдалану, бәсекелесуге қабілетті маман дайындау оқытушылардың басты міндеті болып қала бермек.

Алакөлауданы бойынша биылғы мектеп түлектерін Талдықорған жоғарғы политехникалық колледжі оқуға шақырады.

М.КУКШИБАЕВА,

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің«Кәсіпкерлік және әлеуметтік пәндер» кафедрасының меңгерушісі.

Мәліметпен бөлісу: