Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 15. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Құрылыс нысандарын аралады

Тоқсан жылдық тарихы бар ауданымыздың бүгінгі келбеті көрер көзге қызығарлықтай-ақ. Жыл өткен сайын сәні мен сәулеті жарасқан түрлі ғимараттар бой көтеріп, киелі мекеннің көріктілігі де көптің көмейінде жүр.

Дидары өзгерген дәуір ағымына ілесе білу, отандық одан қала берді жаһандық бәсекеге лайықты болу — заман қажеттілігі. Осы орайда ауданымыздың түкпір-түкпірінде әлеуметік маңызды нысандарға жөндеу және жаңа ғимараттардың құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Істелген істің нәтижесін пысықтау мақсатында өңір басшысы Ә.Жақанбаев бірнеше жерлерді аралап, артықшылықтары мен кем тұстарын көрсетті.

Алдымен Қабанбай ауылдық округінің мәдениет үйі мен О.Молдағожин атындағы орта мектептің жағдайымен танысты. Аталмыш оқу ордасының ауласына жоғарыда есімі аталған азаматтың ескерткіші қойылмақшы. Жасалынатын жұмыс әлі де көп болғанымен, жуық арада абыз ақсақалдың тұлғасы толықтай тұрғызылатынын жеткізді демеушілер. Сонымен қатар Омар атаның ұрпақтары білім мекемесінің жанына баларға арнап спорт алаңын салып берген. Бұл қабанбайлық жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға үлкен септігін тигізбек.

Ал мәдениет үйінің сыртқы көрінісі уақыт сынына шыдас бермей, ескіруіне байланысты жөндеу жүргізіп, айналасын абаттандыру тапсырылды.

Келесі кезекте ауданымызың орталығы Үшарал қаласында осы жылы қолға алынған орталық саябақ, спорт кешені және бес қабатты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты.
Орталық саябақтағы жұмыс қарқыны төмендеу болуына байланысты, жоспарлы уақыттан ауытқыған мердігерлерге ескерту жасалып, істің ілгерілеуіне бар күш-жігерлерін жұмсау жүктелді. Себебі, бұл жоба соңғы жылдары жүзеге асырылғандардың ең ілкімділерінің бірі болмақ. Демалыс орынының аумағында диаметрі 18 метірге жететін алып субұрқақ, ашық аспан астындағы сахна, сағатты мұнара, велосипед және жаяу жүргіншілер жолы, ескерткіштер орналастырылып, айналасы жасыл желекке оранбақ.
Заманауи үлгіде салынып жатқан спорт кешенінің темір қаңқасын тұрғызуға небәрі сегіз адам жұмылдырылған. Өйткені, қолданылып отырған материалдар көп күш пен уақытты талап етпейді. Екі-үш күннің ішінде ауыз су мен жылу жүйесі тартылып, құрылысшыларға барлық жағдайлар жасалмақ. Бір айта кетерлігі аталмыш кешен Республикалық дәрежедегі додаларды өткізуге лайықталып салынуда.
Соңғы қабаты тұрғызылып жатқан 20 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс қарқыны аудан әкімінің оң бағасына ие болды. Уағдалы уақытта нысан халықтың пайдалануына берілмек.

Аяққы аялдама Бескөл ауылдық округінің мәдениет үйі болды. Ол жердегі жұмыстың беталысы жаман емес. Жоспарға сәйкес желтоқсанда аталмыш орынның салтанатты ашылуы өтпек.

АЛМАТ ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov