Сайлауға түсетін 93 үміткер саяси партия өкілдері

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеде ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтеді.
Барлығы сайлауда 17 аумақтық және 198 учаскелік сайлау комиссиялары, 1451 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Сайлаушылар саны 221672 адамды құрайды.
Бұл ретте 60 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 11-і (15,5%) өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты сайланады.
Жалпы 279 үміткер ұсынылып, олардың 93-і (33,3%) саяси партиялар, 186-ы өзін-өзі ұсыну арқылы тіркелді.
Орташа бәсекелестік – 3,9 адам. Барлық округтерде үміткерлердің саны 3-тен көп. Ең көп үміткер саны – 9. Бұл Іле ауданы Чапаев ауылдық округінде тіркеліп отыр.
«Nur Otan» партиясы — 57, «Ауыл» ХДПП — 7, «Ақ Жол» ҚДП — 1, «АDAL» СП — 13, ҚХП — 12, ЖСДП — 3 үміткерін аталған сайлауға қосып отыр.
«44 (62%) сайлау округте бір ғана саяси партияның үміткерлері бар. 19 (26,8%) сайлау округінде екі және одан да көп саяси партиялардың үміткерлері ұсынылды: 12 (17%) округте екі саяси партиядан, 4 округте (5,6%) үш, 2 округте (2,8%) 4 партиядан және 1 округте (1,4%) бес партиядан»,- деп атап өтті Алматы облысы сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық.

Мәліметпен бөлісу: