ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауына «Ақжол» демократиялық партиясының атынан қатысатын кандидаттар Жетісу жеріндегі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қажетті үнпарақтар мен ақпараттық парақшалар таратып келеді.
Облыс орталығы Талдықорған қаласында құрылған сайлауалды штабы мәжіліске кандидаттардың А2 үлгісінде ақпараттық плакаттарын барлық аудандар мен қалалардың әрқайсысына 300 данадан жеткізіп, көрнекі жерлерге іліп шықты. Сонымен қатар, облыстық мәслихатқа үміткерлердің А2 үлгісіндегі ақпараттық плакаттары барлық өңірлерге 150 данадан таратылды. Одан бөлек, әрбір аудан орталығы мен қалаларға 800 данадан ақпараттық үнпарақтар, 22 беттік кітапшалар 150 данадан жеткізілді. Автокөлік жолдары мен елді мекендердің орталық көшелеріне «Ақжол» партиясының кандидаттары бейнеленген билбордтар ілінді. Бір ғана Талдықорған қаласында 5 билборд ілінген. Бұл үгіт-насихат жұмыстарының көрнекі құралдар арқылы жүргізілуі болса, партия үміткерлері облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелердің орындалу барысын түсіндіруге кірісіп те кетті. Мысалы, Балқаш, Панфилов, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласында «Ақжол» партиясының кандидаттары жергілікті жұртшылықпен ашық әңгіме құрса, партия төрағасы Азат Перуашев Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытының ұжымына сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Кез- десулердің бәрінде «Ақжол» партиясы сайлаушылар- дың қолдауына сенім артатыны айтылды.
«АҚЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ