Салт-дәстүрім – таусылмайтын қазынам

Қазақ халқы – салт-дәстүрге бай халық. Әрбір ғұрпы мен әдетінде ғасырлар бойы жи нақталған тәжірибе, тәлім мен тәрбие, имандылық пен парасат жатыр. Дәстүр – тек тұрмыстық дағды емес, ол – халықтың ру хани болмысын қалыптастыра тын өлшем. Ал ислам діні – сол дәстүрлердің көпшілігіне мазмұн беріп, асыл негіз болған құдіретті күш. Сондықтан қазақ дәстүрін діннен бөліп қарастыруға бол майды. Салт-дәстүрім – таусылмайтын қазынам барлығын бірден жоққа шығармайды, қайта ша риғатқа қайшы келмейтін әдет-ғұрыпты қолдайды. Құран Кәрімде: «Әрбір үмметке Біз олардың ұстанар жолын нәсіп еттік» (Хаж сүресі, 67-аят) делінген. Демек, әр халықтың өзіндік ғұрпы бар, бірақ ол дін негізіне қай шы болмауы шарт. Қазақ халқының дәстүрлерін сараласақ, олардың көпшілігі ислам құндылықтарымен толық үйлеседі: • Қонақжайлылық. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман кел тірсе, қонағын құрметтесін» де ген. Бұл хадис қазақтың «Қонақ келсе – құт» деген қағидасымен ұштасады. Бүгінгі таңда кейбір жат діни ағымдардың дәстүрді жоққа шығаруы қоғамда алаңда ушылық тудырып отыр. Бұл мақалада дәстүрдің діндегі орны, оның тәрбиелік мәні және дәстүрді жоққа шығарудың зия ны ғылыми-теологиялық тұрғы дан қарастырылады. Дәстүрдің исламдағы орны Ислам – әмбебап дін. Ол халықтардың салт-дәстүрінің • Бата беру. Бата – қарапа- йым тілек емес, дұғаның қазақы үлгісі. Хадистерде бір-біріне дұға жасаудың сауабы зор екені ай тылған. • Жеті атадан аспай қыз алыспау. Бұл дәстүр ұрпақ та залығын сақтау мен туыстық қатынасты нығайтуды көздейді. Исламда да туыстық байланыс қатаң сақталуы тиіс. • Марқұмға Құран бағыштап, ас беру. Бұл – садақа жасаудың, қайғыны бөлісудің қазақы дәстүрі. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Адам өлгенде амал дәптері жабылады, бірақ үш нәрсе үзілмейді: садақа, пайдалы ілім және дұға жасай тын салиқалы ұрпақ» деген. Осы дәстүрлердің барлығы дінмен қа бысып, ұлттың рухани қазынасы на айналған. Дәстүрді жоққа шығарудың қателігі Соңғы жылдары қоғамда дәстүрді «бидғат» немесе «дін де жоқ» деп жоққа шығаратын ағымдар пайда болды. Олар келіннің сәлем салуын ширкке теңейді, бата беруді терістейді, ас беруді артық іс деп есептей ді. Бұл – діннің шынайы мәнін толық түсінбеудің және тарихқа немқұрайдылықпен қараудың белгісі. Ислам ғалымдары әрқа шан шариғатқа қайшы келмей тін дәстүрді сақтауға үндеген. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзі Мәдинаға келгенде жергілікті халықтың дәстүрін құрметтеп, қайсысы исламға үйлессе, соны жалғастырған. Бұл дәстүрді жоққа шығармай, оны саралап, игі тұстарын қабылдаудың үлгісі. Имам әс-Суютидің жеткізген хадисінде: «Үмбетімнің жақсы деп танығаны – Алла алдында да жақсы» делінген. Демек, ха лықтың жүрегінен орын алған, имандылыққа жетелейтін дәстүр – құптарлық іс. Дәстүрді жоққа шығару – ұлттық бірлікті әлсірету, халықтың тарихи жадына балта шабу. Бұл – елдің тұтастығына қауіпті құбылыс. Дәстүр – тәрбиенің негізі Қазақ дәстүрлері – ұрпақ тәр биесінің алтын қазығы. Әрбір әдет-ғұрыптың астарында өне гелік мән жатыр: • Сәлем салу – үлкенді сый лау, кішіні құрметтеу. • Құда күту, той жасау – ынты мақ пен берекені арттыру. • Шілдехана, бесікке салу – жаңа өмірді қуанышпен қарсы алу, қоғамға таныстыру. • Ас беру – бірлікті күшейту, марқұмға дұға бағыштау. Осындай дәстүрлер арқылы ұрпақ имандылыққа, бауырмал дыққа, отансүйгіштікке тәрбиеле неді. Бұл – кез келген қоғам үшін баға жетпес құндылық. Қазіргі қоғам үшін маңызы Жаһандану дәуірінде ұлт тың болмысын сақтайтын негізгі тіректер – тіл, дін және дәстүр. Егер дәстүрден қол үзсек, ұр пақтың рухани тамыры әлсірейді. Сол себепті салт-дәстүрді сақтап, оны ислам құндылықтарымен ұштастыру – қазіргі Қазақстан қоғамы үшін аса маңызды. Мемлекетіміздің діни саяса ты да осыған үндейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқарма сы халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін исламның асыл құндылықта рымен үйлестіруге шақырады. Бұл – ұлттық бірлікті сақтаудың, экстремизмнің алдын алудың бір жолы. Қорыта айтқанымызда «салт- дәстүрім – таусылмайтын қазы нам» деу – ата-бабаның ама натына адалдықтың белгісі. Қазақ халқының салт-дәстүрін жоққа шығару – ұлттық рухты әлсірету, тарихты терістеу. Ал оны ислам құндылықтарымен сабақтастыра ұстану – ұлтты ұйыстыратын, болашаққа жол көрсететін басты бағыт. Дін мен дәстүрді қатар ұстанған ұрпақ – рухани бай, иманы кәміл, ұлттық болмы сы берік ұрпақ. Сондықтан біздің міндетіміз – ата-бабадан қалған асыл қазынаны көздің қарашығындай сақтап, оны бо лашаққа аман жеткізу. Өйткені дәстүрсіз дін – тамырсыз, дін сіз дәстүр – мәнсіз. Екеуін бірге ұстану – елдігіміздің кепілі.
А.СЕРІКБЕК, Алакөл аудандық орталық мешітінің бас имамы.

Мәліметпен бөлісу: