Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 13. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

«Самғау» сыйлығының жүлде қоры ұлғайды

Алматы облысының журналистеріне арналған облыс әкімінің «Самғау» журналистер сыйлығының көлемі ұлғайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев мәлімдеді.

Былтыр Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 21 журналиске «Самғау» сыйлығын тапсырған болатын. Биылғы жылы «Самғау» байқауы жаңа  жүлде қорымен өткізілмек.

«Байқау адамды қанаттандырады. Жүлдеге ие болып, оза шабу қуаныш сыйлайды. Осыған орай,  Жетісу журналистерінің  ақпарат саласындағы майталмандылығын ұлғайту мақсатында «Самғау» байқауы ұйымдастырылады. Байқау өзгешелігі  былтыр операторлар мен бейне-инжинерлерді бір аталым шеңберінде  бағаласа. Ал, биыл «Үздік монтаж» деген аталымды жеке қосып отырмыз. Сонымен қатар, өңірдің журналстикасын дамытуға ерен үлес қосқан ардагерлерді де марапаттайтын боламыз. «Үздік желілік басылым» деген де аталым бар. Бұл ретте қадамын сәтті жасап келе жатқан «taldykorgan-online.kz» порталын ерекше атап өтуге болады. Әрине, мықтыны байқау анықтайды. Барлығымыз да мықты болуға ұмтылуымыз керек»,-деді Р.Алпысбаев.

Осымен екінші мәрте ұйымдастырылатын байқауға Алматы облысында қызмет ететін БАҚ қызметкерлері, журналистер, блогерлер қатыса алады. Байқауға ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан 1-ші қарашаға дейін  Елбасының «Рухни жаңғыру: болашаққа бағдар», «Цифрлық Қазақстан», «Астанаға 20 жыл» және өзге де тапсырмаларын қамтитын аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық БАҚ беттерінде жарияланған жарияланымдары мен сюжеттерін 11 аталым бойынша ұсына алады.

Байқаудың қорытындысы 1-желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында шығарылады. Қазылар алқасы сырттан арнайы  шақырылып, жұмыстарды бағалайтын болады. Қатысушылар мен жұмыстар саны көп болған жағдайда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында анықталады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Талдықорған қаласында жаңадан бой көтеріп жатқан драма театрда, жаңа форматта өтпек.

Айта кетейік, былтыр шығармашылық байқауға бұқаралық ақпарат құралдарының 93 өкілі қатысып, 34 мақала, 43 сюжет, 10 пост пен 6 фотосурет материалдары ұсынылған болатын.

Байқаудың толық  ережесін http://taldykorgan-online.kz/2018/08/28/6940/ әлеуметтік парақшасынан оқып, біле аласыздар.

 

Балжан Қайратқызы

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov