Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 08. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Сананың ашықтығы – сарқылмас байлық

Рухани кемелденудің даңғылына түскен жұрт өзге елдердің өсіп-өркендеуінің тіреуіне айналған ілкімді дүниелерін іліп алып, өз болмысына қарай түрлендіріп отырғаны абзал. Себебі, даму эволюцисы бір мемлекеттің төңірегінде тоқтап қалмайды, ол жасампаз істердің, озық ойлардың ордасын жағалайды.

Ширек ғасыр бұрын еншілеген егемендігіміздің арқасында Қазақстан әлем аренасындағы 50 алпауыт мемлекеттің арасына ұмсына еніп, өзіне ғана тән қолтаңбасы мен атақ-абыройын қалыптастырды. Бұл биіктің белесін бағындыруға Ұлт көшбасшысының сарабдал саясаты, текті жұртымыздың береке-бірлікке құмарлығының қосқан үлесі зор. Олай деуіміздің себебі, басшы мен бұқара арасындаағы өзара келісім мен түсіністіктің арқасында мемлекетіміз тыныштық пен татулықтың, ынтымақ пен ырыстың үстемдік құрып отырған кезеңіне де қол жеткізді.

Ықылым заманнан бері дала ділмарлары атанған дана бабаларымыз алаш азаматтарының өмірін оңтайландыру мақсатында көршілес жатқан елдердің кемел ойларын өз ырқына бағындарып, көрегендік танытып отырды. Міне, енді егемендік тұсында, тәуелсіз еліміздің тәубешіл азаматтары уақыт сыны мен заман сүзгісінен сүрінбей өткен берекелі тірлікке деген талпынысымызды қамшылай түскендері ақиқат. Осы ретте айта кетерім, қазақтың ұлт ретінде қалыптасуына, еліміздің дербестігі мен тыныштығының сақталуына тікелей себепші жалғыз алаштың ақыл-парасаты ғана емес, жат елдердің жасампаз шешімдері де өз әсерін тигізді. Тарих сахнасына назар аударсақ жүгенсіз кеткен мемлекеттердің мүшхіл халі мен түбегейлі жойылып кетулерінің басты себепкері өздерінің қасаң қағидаларынан танбай, таптаурын тірліктеріне мойын сұнуларында екендігі аның байқалады.

Осы олқылықтарды болдырмауды көздеген Елбасы Үш тұғырлы тіл саясатын ұстана отырып, алты құрлықта атағы аспандап тұрған «Ағылшын тілін» меңгеру арқылы, жаһандық аренаға аяқ басатынымызды аңғартты. Өйткені, әлемдік қатынас құралы саналатын бұл тілде дүниежүзі халықтарының басым бөлігі сөйлейді және олардың бар танымы мен білімі осы тілмен тәпсірленген. Ал, даму сатысынан аңғарғанымыздай Ағылшын тілді мемлекеттер көш басында керуеннің бағытын бағдарлап барады. Сондықтан, өзгеден үйренуден именбей, жер шарында шашыраған білім атаулыны жинап-тергеніміз абзал.

АЛМАТ ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov