
Сарыөзек тұрғындарының көп жылдан бергі арманы орындалып, халық жаңа су жүйесіне қосыуда. Бұрын сағаттап қана берілетін, кейде тәулік бойы жоғалып кететін су енді үздіксіз аға бастады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Жаңа жүйеге алғашқылардың бірі болып қосылған Айгүл Жұмабекқызы.
Судың азабын аз тартқан жоқпыз. Флягамен су тасыған кездеріміз болды. Кейде су сағаттап, кейде мүлдем келмей қалатын. Маусым айында біздің көшедегі алты үй жаңа жүйеге қосылдық. Мен қосылуға 15000 теңге төледім. Қазір су күндіз де, түнде де тоқтаусыз ағып тұр. Көршілеріміз де біртіндеп қосылып жатыр, – дейді ауыл тұрғыны.
Осындай пікірді Мәдибекұлы көшесінің тұрғыны Виктория Семенова да айтты.
Бұрын суды аз пайдалансақ та, көп пайдалансақ та бәріміз бірдей төлейтінбіз. Енді әр үйге жеке есептегіш қойылып жатыр. Әркім нақты тұтынған суына ғана ақы төлейді. Бұл әрі әділ, әрі тиімді, – дейді ол.
Шын мәнінде, жаңа жүйенің басты артықшылығы – судың тұрақты берілуі ғана емес. Бұрынғыдай ескі құбырлардағы жиі болатын апаттар азаяды, су қысымы бірқалыпты сақталып, шығын көлемі төмендейді.
