САРБАЗДАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Үшарал қаласында Отан алдындағы борышын өтеу үшін келген жас сарбаздар Әскери Ант қабылдады. Д.Қонаев атындағы орталық алаңда 40398 әскери бөлімі сарбаздары салтанатты жиында сапқа тұрды.

Әскери Ант қабылдау рәсіміне дейін жас сарбаздар оқу-жаттығуда шынығып, саптық жүрістің қыр-сырын меңгерді. Жалпы саны174 жас сарбаздар Ант беріп, әскер шебіне алынды.

Аудан әкімі А.Абдинов қатарға тұрған жас сарбаздарды, жауынгерлерді құттықтап, антына берік, сертіне селкеу түсірмейтін ел қорғаны, халықтың азаматы болуын тіледі.

Сондай-ақ шарадан кейін 40398 әскери бөлімінің офицерлері мен сарбаздары салтанатты түрде саппен жүріп, қару-жарақпен іс-қимыл істеп және барлаушылар қоян қолтық ұрыс әдістерін көрсетті.

А.Әбитұлы.

Мәліметпен бөлісу: