Қазір барша адамзат баласы өте ауыр жағдайға тап болды. Коронавирус індетінің салдарынан қаншама кәсіпорындарының жұмысы тежеліп, талай азаматтар
жұмыссыз, табыссыз қалды. Одан қоймай, сырқаттың кесірінен төсек тартып жату, ең сорақысы ажал құшумен аяқталатын ауыр халдегілер де жетерлік. Бұл жаңа технологияларды жіті меңгеріп, денсаулық сақтау саласы едәуір жетілген алдыңғы қатарлы елдерге де ауыр соққы
болып отыр.«Қазақпыз» десең өзіңе тиеді деген де рас қой. Әлем
халқын әбігерге салған дертке қарамастан кей азаматтарымыз жүзден адам жиып той жасауын, эпидемиологиялық ахуалға қарамастан меймандап сапар шегуін де доғарар емес. Айыппұл мен жауапкершіліктер де оларға кедергі болмауда. Бұл өзімізге өзіміз жасап отырған қастандық, өзімізгеқазған ор десек те болады.
Мәліметтерге сүйенсек елімізде тәжвирусының британдық және оңтүстікафрикалық штамдары анықталған. Енді міне жаңа алматылық штамның түрі тіркелді деген де ақпарат бар. Жағдай көңіл көншітерлік емес. Барынша абайлық танытып, сақтық шараларын толықтай қадағалаған жөн.
Әйтпесе, ертеңгі күнге сеніммен қарай алмай қалуымыз да
ықтимал. Бүгінгі күнге дейін ауданымызда тәжвирусын жұқтырғандардың саны 304-ке жетті. Оның 252-сі 2020 жылы ауырса, 52 жағдай биыл тіркеліп отыр. Бұлардың 153-і симптомды, 151-і симптомсыз.
Соңғы күндері де сырқаттар саны жиілей түсті. Карантиндік талап-ережелерді қадағаламасақ халіміз ауырлап кетуі де мүмкін. Сондықтан ара қашықтықты сақтау, бетперде тағу, қолды антисептиктермен залалсыздандыру сынды қарапайым сақтық шараларын ұмытпаңыздар. Сіздің бүгінгі қадамдарыңыз, өзіңіздің
және жақындарыңыздың болашағына әсер ететінін естен
шығармаңыздар.
А.ЕСЕНБЕКОВ,
аудандық мәслихаттың
депутаты.