Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды


Тарих тағылымы! Жүректен өшпейтін із! 31 мамыр — ресми түрде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
Бүгін аудан орталығы Үшарал қаласында орналасқан Даңқ аллеясында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Шарада ХХ ғасырдың 30 – 40 жылдары саяси – қуғын сүргінге ұшыраған қазақ елінің ардақты азаматтарының еске алуға арналып қойылған белгітасқа гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Құрбан болған қайраткерлердің есімдерін мәңгі жадымызда сақтап, ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – болашақ ұрпақтың абыройлы міндеті екені анық.

Мәліметпен бөлісу: