Сегізінші наурыздан сегізінші наурызға дейін…

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз қарсаңында нәзік жандыларға қатысты статистикалық көрсеткішке көз жүгіртуді ұсынады. Былтырғы 8 наурыздан бүгінге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына 13 миллионнан астам әйел адам жүгінген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 620-дан астам қызмет көрсетеді. Күн сайын фронт-офистерге Қазақстан бойынша мыңдаған адамдар жүгінеді. Оның жартысынан көбі әйел азаматтар екен. Мысалы, аталған мерзім ішінде берілген электрондық-цифрлық қолтаңбаның 53 пайызы, яғни екі миллионнан астамы қыз-келіншектерге тиесілі.

Автоәлемге қатысты көрсеткіштерге келсек, мамандандырылған ХҚО арқылы берілген жүргізуші куәлігінің 25 пайызы, яғни 96 мыңнан астамы әйел азаматтардың еншісінде. Ал 337 мыңға жуық нәзік жанды көлік құралына құқықтарын тіркеген.

Қазіргі таңда елімізде 236 мыңнан астам көпбалалы ана бар екен. Сондай-ақ 303 508 ана бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы, ал 1 525 818 әйел зейнетақы алып отыр.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

коммерциялық емес акционерлік қоғамның баспасөз қызметі

Мәліметпен бөлісу: