Өсек өзеніне қуат өндіретін 4 станса салынады

Алматы облысының Панфилов ауданындағы Өсек өзеніне 4 су электр стансасы салынады. Қытай инвесторларының қолдауымен жүзеге асатын жоба іске қосылғаннан кейін 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ, — деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі «Егемен Қазақстан» — ға сілтеме жасап.

 — Ауданымызда әр қайсысының қуаттылығы 6 мВт жалпы 24 мВтты 4 ГЭС каскады құрылысын салу жоспарлануда. Жобақұны- 10,2 млрд.теңгені құрайды. Сонымен қатар, Чехия мемлекетінің инвесторлары су бұру каналдарынан контейнер типті қуаттылығы 1 мВт ГЭС каскады құрылысын салуды жоспарлап отыр. Аталған гидро электро станциялар толықтай іске қосылса «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына қосымша электр желілері тартылмақ. Болашақта электр қуатын молайтып, Қытай еліне электр энергиясын экспорттау жоспарлануда, — дейді аудан әкімінің баспсөз хатшысы Нұрбол Қанағат. Айтпақшы, Панфилов ауданындағы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі өткен жылы 62,0 млрд теңгені құрап, арғы мерзіммен салыстырғанда 5,2 млрд теңгеге көбейіп отыр.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ

Мәліметпен бөлісу: