Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 24. 07. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Сертіне берік, ісіне адал дәрігер

Медицина… Бұл адамзат құрылысындағы ең салмақты әрі жауапты мамандықтардың көш басында тұр. Ал бұл саланы жетілдіру тәуелсіз Қазақстанның дамуы даңғылындағы басты бағыттарының бірі саналады. Өйткені үздік денсаулық сақтау ісі мен дені сау ұлт  — мемлекеттің тірегі.

Осы ретте Алакөл аудандық орталық ауруханасында 2005 жылан бері табан аудармай еңбек етіп жатқан білікті де тәжірибелі, шипалы қолдарымен шуақ сыйлар хирург ретінде Садықов Жандос Қасымқанұлын ерекше атап өтуге болады. Өз ісінің білгірі, өмір мен өлім айқасында талай науқасты аман алып қалып, екінші тыныс сыйлаған дәрігерді ауданда танытайтын адам кемде кем.

Кейіпкеріміз 1980 жылы Алматы облысы Алакөл ауданына қарасты Тоқжайлау ауылында дүние есігін ашқан. 1997 жылы осындағы орта мектепті тәмамдап, 1998-2005 жылдар аралығында Семей мемлекеттік академиясында дәрігер-хирург мамандығы бойынша білім алған.

Қолына дипломын алғаннан кейін арман қуып алып қалаларға кетпей, туған жері, тұнған көлінің толқыны тулаған Алакөлге оралды. Сөйтіп аудандық орталық ауруханаға өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасты.

Еңбек биігін бағындырудағы алғашқы сатылары жас маман үшін оңай болмады. Себебі жұмыс қолының тапшылығына қарай кей мезеттерде отаны жалғыз жасауға тура келетін. Бұл дәрігерді шыңдап, тосын оқиғаларда тосылып қалмайтындай етіп дамытты. Өмір арашашысы болу – бұл кез келген көлденең көк аттының қолына келе бермер дүние емес. Оған таудай өзімділік, өжеттілік, қандай қиындыққа да шытынамас шыдамдылық, жүректегі жылылық пен мейірімділік, адам баласына деген жанашырлық керек.

Аталған қасиеттердің барлығын бір бойына дарытқан Жандос Қасымханұлы өз еңбек сапарында жалғыз ота жасап қана қоймай, ауруханаға түнеп, таң бозынан түн ортасына дейін науқастардың жанында болып, олардың амандығын қадағалап отыратын. Бұл өз жұмысын тек жалақы мен қаражаттың көзі емес, үлкен жауапкершілік, аманат ретінде түсінген хирургтың ерен еңбегінің нәтижесі.

Сонау 2005 жылдан бері жалпылай алғанда 2000-нан астам ота жасап, қазіргі таңда ауруханаға алынған заманауи медициналық құрылғылардың тілін еркін меңгеріп, қызметінің қарымын арттыра түскен. Білімін жетілдіруді ниет еткен кейіпкеріміз 2017 жылы Алматы қаласында «Травмотология бойынша» дайындықтан өтіп, травмотолог мамандығын алып, ауданға алғаш рет «Травмотология» бөлімінің ашылуына үлес қосты. Қазір осы бөлімнің меңгерушісі лауазымында. 2018 жылы Астана қаласында «Көп жарақаттар саласы» бойынша білімін жетілдіріп, бас-ми жарақаттары және түрлі дене жарақаттарымен түскен науқастарға ота жасау әдістері еркін меңгерді.

Өз еңбек жолында Алакөл ауданы әкімінің, аудандық орталық аурухана басшылығының, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен басшысының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарына ие болған. Сондай-ақ білім дәрежесін дәлелдейтін бірнеше сертификаттардың да иегері.

Болашаққа деген арман-үміті, жоспары мол хирургтың елге сіңірген, жалпы адамзат үшін жасаған қызметі орасан. Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтереген «100 жаңа есім» жобасына лайықты дәрігерлердің бірі де осы азамат. Медицина саласындағы қызметінде мыңдаған адамның өмірін аман алып қалған хирург 100 жаңа есімнің ортасынан ойып тұрып орын алғанға әбден лайықты.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov